Блогер Әнел Кенжебекова көрерменге алғашқы әнін ұсынбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ән айтушы блогерлердің қатары Әнел Кенжебековамен толықты. Шамасы танымал сылқым құрбылары секілді көштен қалмайын деген сыңайлы. Қазіргі таңда Әнел алғашқы трегін жазып, тыңдарманына өзін жаңа қырынан көрсетуге дайындалуда.

Бұрын соңды бұл қабілетіңізді байқамап едік. Ән айтуға не шабыт берді?

Әнел Кенжебекова, блогер, әнші:

Енді актуально қазір не болып жатыр? Енді қазір көбісі өлең шығарып кетті. Енді менің мақсатым бір әртіс болу болмаса да, өзімнің мақсатым танымал ретінде өзімді жаңа деңгейге көтергім келді.

 

Бүгінде Әнелдің 2 әні дайын. Бұл туындыларды жазуға арудың 3 ай уақыты мен 20-ға жуық маманның еңбегі кеткен-ді.

Әнел Кенжебекова, блогер, әнші:

Бірінші өлең больше өзім туралы ғой. Бүкіл хейтерлерге жауап. Ол өлеңнің мақсаты талқылауға алып келу. «Ой, бұл да шықты ғой. Ой, бұған не жетісіпті? Жазса дұрыс бірдеңе жазбай ма?» деген пікірлер болатынына мен 100 пайыз сенімдімін және сол нәрсеге дайынмын.

 

Бірінші трек «Деңгей» деп аталады. Әннің мәтінін жазу процесіне Әнелдің өзі атсалысқан.

Әнел Кенжебекова, блогер, әнші:

Стилі более Дженниге ұқсас. Бізде акцент биге. Көңілді өлең және мағынасы өте терең. Яғни, өзім жайлы айтылған. Мен туралы, 18 жасында бай екенін білді деген сөздері бар мәтінде.

Авторы кім екенін білсек бола ма?

Авторы Жылтыр деген азамат.

 

Әнелдің бұл әнмен шектелетін ниеті жоқ! Блогерлік қырымен қатар актрисалық, әншілік қырын көрсетуге ұмтылған сылқымның, алға қойған жоспары да жетерлік.

Әнел Кенжебекова, блогер, әнші:

Сөйтіп назарды аулап болғаннан кейін, артынша күшті бір кәдімгідей қазақы, коммерциялық өзімнің өлеңім бар. «Қыздарға қандай махаббат керек?» деген мағынада жазылған.

 

Бір қызығы, аруға продюсерлер ұсыныс жасап та үлгерген. Бірақ ол оған келіспеген. «Еркіндікті» сүйетін Әнел «барлық жауапкершілікті өз мойныма алмақпын»-, дейді.

Дәл осы мәселе бойынша қазір даулы оқиғалар көп қой. Композитордан әнді сатып алдыңыз ба? Әлде қалай? Құпия болмаса бағасын білсек бола ма?

Әнел Кенжебекова, блогер, әнші:

Бірінші өлеңге 800... 1 миллиондай кетті ғой. Екінші өлеңді маған сыйлыққа берді.

Бұл әндерге бейнебаян түсіресіз бе?

Егерде адамдарға жақсы өтіп жатса, мүмкін кәдімгідей бюджет құйып, 10 миллионға клип түсіргім келеді.

 

Еске салайық, блогердің экс-сүйіктісі әнші Әлішер Қонысбаев. Шығармашылығын әлдеқайда ерте бастаған Әлішердің әр бейнебаяны ютуб хостингінде 10-15 миллионнан астам қаралымға қол жеткізген. Серіміз Әнелдің бастамасында қолдау білдірді ме, жоқ па, арудың өзінен сұрауды жөн көрдік.

Әнел Кенжебекова, блогер, әнші:

Иә, студияда жүрген кезде кездесіп қалған кездеріміз де болды. Сол себепті өзінің қолдауын да береді. Біз де ондай бәсекелестік жоқ. Мен де оның өнерін қолдаймын. Ол да мені қолдайды.

Ал егер ол болашақта сізге дуэт жазайық десе, келісесіз бе?

Жоқ. Білмеймін, ол енді басқаша көрінетін шығар. Дұрыс емес көрініп қалар.

 

Айта кетейік, танымал сылқым 2 жыл бойы вокалдан сабақ алған. Ендеше біраз уақытты қажет еткен еңбегі ақталсын дейміз.