Роза Рымбаева подиумда! Kazakhstan Fashion Week өз шымылдығын түрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, тілші

- Сән индустриясындағы ең ауқымды шара. Kazakhstan Fashion Week 38-маусымын бастады. Подиумдағы әсем көрініске зер салып үлгереміз, алдымен сахна сыртындағы шуды барлайық.

Мұндағы вайб бөлек. Дизайнер, визажист, топ-модельдер мен блогерлер көрсетілім қамымен әбігер. Жүректеріндегі толқыныс алыстан сезіледі. Қызу жұмысқа бөгет болмайық деп біз де көрермен залына жайғастық.

Бәрі күткен сәт. Подиум дайын, сәнбикелер сақадай сай. Жарық қосылды да жүргізуші 38-маусымды ашық деп жариялады. Ал сән апталығының шымылдығын түру «ARUNAZ» сән үйіне бұйырды.

Назым Қарпықова, сәнгер

- Енді мен әрқашанда осы топтама жасайтын кезде, өзімді жазушы ретінде сезінемін. Бұл кәдімгідей бір әйел өзіміздің танысымыздың историясы. Сол историясың, тарихын естігеннен кейін, мен осындай коллекция осылай ойыма келді. Азғантай уақытта біз басап шығардық, осыдан 3 апта бұрын қажет етті.

Қарпықованы шабыттандырған жақын құрбысының хикаясы. Бірақ бұл бір адамның жан сыры емес, қазақ қоғамындағы біраз әйелдің проблемасы. Сондықтан да топтама арнап, оқиғаны подиумда модельдердің көмегімен баяндауды ұйғарған. Қойылымға зер салдық. Мұқият қарап ұққанымыз мынау: таныстық, ғашықтық, албырт сезім, некелесу, ажырасу. Әттеген-ай деп қапаланып-ек, түсінісе алмаған жұбайлардың қайта қауышқан сәтін көрсетіп бір қуантты. Осылайша «ARUNAZ»-дың образдары бірнеше кезеңді оп-оңай баяндады.

Bota Mia, блогер:

- Сәнгерлердің сіздерге деген көзқарастары қандай? Олар қалай қабылдайды, қанша дегенмен подиум сәнгерлердікі еді. Бірақ, қазір кез-келген көрсетілімнен кейін БАҚ-та да газет журнал беттеріңде де, блогерлер.
- Ең алғашқыда енді біз 5-6 рет шығып жатырмыз ғой. Ең алғашқы, бірінші показдарда, модельдер битіп қарайтын.
Боянып жатсақ, «это мое место», - деп. Кинодағыдай ше, андай, сахнаның артында «вот это мое платье», - деп. Қазір жоқ бізді таниды.

Айтпақшы, шара Роза Қуанышқызына арналған көрмеден басталды. «Рымбаеваға құрмет» деп аталатын уақытша музейде өнер иесінің барлық сахналық киімдері қойылды.

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі

- Ал өзініз подиумға сәнгер ретінде шығып қандай да бір дизайнердің киім үлгісін таныстырасыз ба?
- Енді оны көбінесе маникеншицалар, ұзын бойлы қыздар көрсетеді ғой. Менің бойым Құдай маған бой бермеген.

- Қуанышқызы осылай деп жалтарғанымен, ақыр аяғы эксклюзивпен бөлісті. Биыл подиумға Роза Рымбаева модель ретінде шықпақ. Сондай-ақ, жақында примадонна сән индустриясына да аяқ басатынын айтып қалды.

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі
- Биыл мен шығамын. Осы осы жолы шығамын. Себебі, маған Аида Кәуменова арнайы костюм тіккен. Мен сол костюмды көрсетемін. Ол 3 ші күні болады.

Фэшн-шарада Shakerbay, Лейла ханым, DM by Dina Mаrat, Ерлан Жолдасбек сән үйлері де су жаңа коллекциясмын ұсынды. Алыс-жақын шетелден келген дизайнерлер де жаңа топтамаларын таныстырды. Kazakhstan Fashion Week әлі 2 күн жалғасатынын еске саламыз. Сән индустриясындағы ауқымды шарадан қапы қалмаңыз!