«Ғашықпын саған» FEST! Концерт ұйымдастырушылар қандай даудың ортасында қалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Прокатта миллиардтан астам табыс тапқан «Ғашықпын саған» фильмінің авторлары, бұл жолы көрерменді кинотеатрға емес, Алматы Аренаға жинады. Туынды негізінде өткен концертке 12 мың адам жиналмағанымен, 8 мың тыңдарманның келуі, картина ұсынған мамандар үшін үлкен жетістік екені рас.

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер

- Маркетинг жағында бір арнайы әдіс тәсілмен жүргіздіңіздер, бірақ ол маркетингке де хейт айтқандар болған. Қыздарға ерсі сұрақтар қойылды деп?

- Біріншіден кешірім сұраймыз, егер де біреудің көңіліне тиіп кетіп жатса. Бірақ, ол кісілерді ешкім қинаған жоқ, өздері кәдімгі ғашықтар, өмірдегі жүріп жүрген жандарды біз солай пайдаланып көрдік. Бірақ, біз қазақтың қыздарының ар намысын бәрінен биік қоямыз.

Кештің шымылдығы ашылған сәттен-ақ, ерекше атмосфера орнады. Қонақтардың қатарында ат басын Алматыға арнайы бұрған, астаналық Абзал Өтешов, Қазыбек Құрайыш және Қобыланды Болат бар. Ал Мархаба Сәби сахнаға шыққан бойда «боз балалар мен қыз балаларды» билетсе, Shiza залды әнімен «тербетті», ал Alem ортаны «көңіл-күйімен» емес, биімен жандырды.

Шұғыла Ешен, актриса

- Байқасақ сахнада тек ән ғана шырқалмай, фильмнің үзіндісі қойылым ретінде қойылды?

- Қызық болып тұрмын, күшті боп тұрмын, бақытты болып тұрмын. Иә,иә әрине фильмдегі кейбір сахналар орындалды.

Жасұлан Көпберген, актер

- Сізді фильмнің басы-қасынан тек актер ғана емес, көмекші, қолдаушы ретінде де байқадық. Бүгін де шапқылып жүрсіз?

- Барлық жерде көмектесуге тырысамын. Қолымнан келгенше жүгіруге, билет те саттық осы жерде.

- Жалын ағадан сұрадық, барлық келген қонақтардың гонорарын ренжітпей төледік дейді сізге де, ренжітпеді ме?

- Мен осы жерде осы сәтте ләззат алғанды жақсы көремін, жақсы ақша берсе мен оған дән қуанамын. Қанша береді соны аламыз ғой.

«Ғашықпын саған» музыкалық фестивальіне шақырту алған әртістер арасында BayanSulu да бар. Соңғы кездері төңірегінде түрлі әңгіме тарағанына қарамастан, жас әнші сахнада шоу жасап, өнер көрсетті. Бағдарлама барысында ол Жасұлан Көпбергенмен бірге жаңа дуэтін орындады.

Олжас Дәлелхан, композитор, актер

- Афишадан BayanSulu-ды байқап қалдық. Ол кісіге сіз өзіңіздің әніңізді тегін тарту етіпсіз, осы жөнінде айтып бере аласыз ба?

- Енді тегін деген әңгімені айтқым келіп тұрған жоқ, жай сыйлық ретінде деп айтайықшы. Жалпы бір қолдау білдірейік деген сондай, оның үстіне былай достық қарым қатынаста болғаннан кейін, шақырайық дедік. Біздің Жасұлан да әнші ретінде шыққысы келіп жатыр да, Жасұланға да серпін болсын деп, бір-біріне көмектессін деп, BayanSulu екеуінің дуэтін жасап көрдік.

Кеш хедлайнері – ARShAT. Туындының басты саундтрегі мен жастардың әнұранына айналып үлгерген «Алматым» трегін музыкант халықпен бірге шырқады.

ARShAT, музыкант

- Жалпы бұл Алматы Аренаға алғашқы шығуымыз, бірінші выходқа жаман емес деп ойлаймын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ғашықпын саған» лентасына арналған саундтректердің танымал болуы - дәл осындай фестиваль өткізуге түрткі. Киногерлер болашақта жоспардағы жаңа фильмдерін дәл осындай форматта ұсынып, жаңа тренд қалыптстырмақ ниетте.

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер

- Сізге айтылған сындар да болған шығар бәлкім, енді концертті әншілер жеке ән кешінде береді. Бұл фест ретінде ұйымдастырылу деген не сұмдық деген сияқты?

- Негізінен біз енді біреудің нанына таласып жатқан жоқпыз. Біз сол фильмдегі музыкаларымызды айтып жатырмыз. Сондықтан да біреудің қазандығына түсіп жатқан жоқпыз.