Төреғали Төрәлі көп балалы әке ретінде мемлекет тарапынан берілетін көмекті ала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйінші! Төрәлі әулетінде ұлан-асыр той! Төреғалидің 7-баласы дүниеге келді.

Төреғали Төреәлі, әнші:

Көңіл-күйім жақсы. Керемет. Баяғыда Төренұр ұлым ең бірінші ұлым дүниеге келген кезде сол кезде дінбасы болып тұрған ағамыз үйге келіп: «Төреш саған Алла қуаныш беріп жатыр ма? Онда қуану керек!» - деп еді. Сол сөзі есімде қалып еді. Қуаныштан тек жақсы күндеріміз көп болса екен

 

Ерке жігітті тезге салған кім дерсің. Басқа-басқа босану кезінде Тереғали серіктес болды дегенге сену қиын-ақ. Бұл біздің емес, кей көрерменнің пікірі. Өз қалауы ма, әлде Толқын жеңгеміз назданды ма деп ойладық? Мүмкін су жаңа продюсері Жан Мұқановтың айласы болар? Бұл жағы бізге беймәлім. Десе де егер солай болса, тентек таланттың имиджін өзгертуге бек кіріскен бе дерсің. Ұлы дала баласы жаңа тәжірибесі жайлы тіс жармағанымен, инста парақшасында әсерімен бөліскен еді. Мархабат...

Төреғали Төреәлі, әнші:

Толқында бұл жолы 4-рет кесір тілігі болды. Шынымды айтсам қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтуді емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым. Қазымды өз қолыммен қарсы алдым. Ота үстінде қарап тұру – оңай емес. Бірақ сол бір сәт. Сол бір қорқыныштан да, ауырлықтан да биік тұрды.

 

7-перзентіне Мариям деп азан шақырып ат қойған. Есім беру мәртебесі нағашыларына бұйырған екен. Әңгіменің реті келген соң, көп балалы әкеден мемлекет тарапынан берілетін көмек жайлы сұрадық. Әңгімесіне қарасақ жәрдемақы мен жеңілдіктен дәмелі екен.

Төреғали Төреәлі, әнші:

Шынымды айтсам, білмеймін ондай бағдарлама қарастырылды ма екен. Бірақ, беріп жатса ешкімнің қолын қайтармаймыз.

 

Бас қатырмағанына қарағанда жәрдемақыға қол созбаған сыңайлы. Мүмкін 8-перзенттен соң ойланар, кім білсін.