Айшолпан Байтүгел әлеуметтік желіде 3 минутта бетін әрлеп, фалловерлерімен тілдесуі арқылы халықтың сүйіктісіне айналып үлгерген блогер. Бүгінде ол тек инстаграм жұлдызы ғана емес, сұранысқа ие актриса десек артық айтқанымыз емес.
– Көбірек гонорар сұрадыңыз ба осы жолы?
Айшолпан Байтүгел, блогер, актриса:
– Иә, алғаш ең көп гонорар алғаным осы фильмде.
– Қанша алғаныңызды айта аласыз ба?
– Айта алмаймын.
– Бір үйдің құны ма?
– Ойбай жоқ. Құрсын ондай емес. Бір сиыр ма, бір жылқы ма сондай тұрады.
Иә, блогердің «Mangyshlak express» толықметріндегі еңбегі үшін гонорарын өсіруі бекер емес. Себебі бұл Айшолпан Байтүгелдің басты рөлді ойнаған алғашқы картинасы.
Айшолпан Байтүгел, блогер, актриса
– Содан бір линия түсем,екінші линия аунап шығамын. Шалбарым жыртылып қалған ғой. Сөйтіп жүгіріп үлгермей қалып қоям. Таксимен барып қуып жеттік.
Айта кетейік, аталмыш туындының сценарийі Айшолпанға арналып жазылған. Сол үшін де шығар блогер ереже бұзып, жоба авторларына біраз еркелеген-ді.
– Режиссер рұқсат етпесе де түсірілім алаңынан суреттер, видеолар түсіріп жүктеген едіңіз. Режиссер ұрысқан жоқ па кейін?
Айшолпан Байтүгел, блогер, актриса
– Иә, иә менде бір рилс қатты атып кетті. Бір жарым миллионға ма. Соны удалить ет деген. Бірақ мен өшірмедім.
– Сосын ұрысқан жоқ па?
– Жоқ ұрысқан жоқ. Бірақ одан кейін мүлдем салдыртпай қойды.
«Mangyshlak express» фильмінде Айшолпанмен бірге Қарагөз Тілеубекова, Нұрлан Еспанов сынды танымал артистер де бой көрсетті.
Қарагөз Тілеубекова, актриса:
– Өзім де проводник болып жұмыс істедім. Студент кезімде жаздық демалыста ақша таптым сонымен. Кәдімгідей төсек каптағыштарды ауыстырып, екі рет сатқан кездеріміз де болды.
Нұрлан Еспанов, әнші, композитор:
– Маған енді жақсы рөлді сомдауды берді ғой енді. Жалпы енді мен самсатанушы, палаутанушы болып қалдым ғой. Сол себепті мен тек сол төңіректе жүрдім да мен самса сатып.
– Жалпы қазіргі таңда комедия жанры көп шығып жатыр. Сіздің көңіліңізден шыға ма?
Қарагөз Тілеубекова, актриса:
– Ең бірінші мен өзім ойлаймын сахнада жүрген опыты бар өнерді сүйетін жүрегімен, білімі бар адамдар түсу керек деп ойлаймын. Сол уақытта жоғары деңгейді болад деп менің ойым солай.
– Мысалы, Айшолпан биология пәнінің мұғалімі екен, бірақ киноға түсіп жүр?
– Өйткені кинода типаж деген бар ғой, сахнада. Мына Айтолқынның өзінің болмысы жаңағыдай өзінің типаж жаңағы рөлге құйып қойғандай келіп тұр да. Сонысымен алып тұр да. Тума талант деп айтып жатамыз ғой. Құдайдың берген бір өзінің таланты бар.
Айшолпан Байтүгел, блогер, актриса
– Өзімнің негізгі ойым бар. Бірақ Қазақстаннан емес, шетелден білім алып келу.
– Қай жақтан?
– Мүмкіндік болса, әрине Америкадан алғым келеді.
Фильмнің басты кейіпкері Шолпан есімді жолсерік «жоқ» дей алмайтын көнбіс, момын қыз болады. Соның кесірінен ол пойызға тәртіпсіз жолаушылардың мінуіне рұқсат береді. Ару бұл әрекеті үшін тексерушінің қолына түсе ме? Оқиға әрі қарай қалай өрбиді? Жауабы үлкен экранда!
Автор: Ш. Құсаинова