Eurasian Fashion Week-тің екінші күні KIDS FASHION DAY-мен ерекшеленді. Инклюзия тақырыбын арқау еткен ауқымды іс-шарада, 5-15 жас аралығындағы балалар подиум төріне шығып, сән әлемінде шекара жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Асель Акопян, EFW PR директоры:
– Жыл сайын біз балаларға арналған әлеуметтік бастамаларды қолдаймыз. Осындай жобалар ерекше балалардың өздерін, қоғамда еркін сезініп, жұлдыз сезінуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күн тек сән көрсетілімі емес, жанға жақын, жүрекке жылы сәт ретінде, көпшіліктің есінде қалмақ.
Биылғы KIDS FASHION DAY аясында 6 дизайнер өз топтамаларын таныстырды. Ал көрсетілімнің шымылдығын блогер әрі жас модель Аминока ашты. Бұл жолы ол, ерекше балалармен бірге, сіңлісі мен кішкентай інісін де қатар ерте шықты.
Aminokka, блогер, модель:
– Мен інімнен шықпай тұрып бірнеше рет «не істейсің?» деп сұрадым. Ол болса бәрін қимылмен көрсетіп берді. Басында сәл баяу қимылдап қорқытты мені, бірақ айтқандарымды ұмытпаған екен. Подиумда өзін жақсы көрсетіп, бірақ соңына қарай тез жүгіріп кетті.
Әмина үшін ерекше балалармен бір алаңда өнер көрсету қиын болмаған. Керісінше, олардың жанында өзін жайлы сезінгенін айтады. Тіпті, сахна сыртындағы қызықтармен де бөлісті.
Aminokka, блогер, модель:
– Мүлдем қиын болған жоқ. Кейбір балалар еркеледі, тыңдамай жатқандары да болды. Бірақ, мен оларды тыныштандыруға тырыстым, маған олармен уақыт өткізген ұнап қалды. Бір кішкентай балақай болды, көрдіңіздер ме, сондай сүйкімді. Құшақтап едім, бірден күлімдеп шыға келді. Сондай тәтті.
Ал кештің ең әсерлі сәттерінің бірі подиумда бочча ойыншылары Қуаныш Асқарбеков пен Итиана Шыңғысханованың бой көрсетуі. Айта кетейік, олардың өмір жолы, «Ерекше» фильміне арқау болған еді.
Ирина Байжанова, EFW бас продюсері:
– Бұл жолы біз күтпеген коллобарация жасадық деп айта аламын. «Ерекше» фильміне қатысқан паралимпиадашылармен бірге жұмыс істеу, мен үшін үлкен мәртебе. Ең маңыздысын айтайын, осы фильмнен түскен барлық қаражат, ерекше балаларды қолдауға жұмсалған. Мен осы ақпаратты естіп, бірден соларды шақырғым келді. Сол мақсат бүгін орындалды.
Шыңдалған мамандармен қатар, алғашқы қадамдарын жасап жүрген жас дизайнерлер де коллекцияларын ұсынды. Солардың бірі Жәнібек пен Эльвира. Шығармашылық жұп «топтамаларының атауын қыздарының есімімен байланыстырып, 2 жылдық еңбектің нәтижесін бүгін көреміз»,-дейді.
Эльвира Бигараева, дизайнер:
– Коллекцияның аты інжу болғанбықтан біз ашық түсті, інжу түсті киімдерді ойдап таптық. Байқасаңыздар бізде ақ, айвари түсте розовый түсте болды. Жемчугтың табиғи түсінде. Сосын әрбір көйлекте інжуьэлементі тігілді. Былайша айтқанда бізде барлық обрпздарда женственность передавать ететін тастар болды
Eurasian Fashion Week кішкентай бүлдіршіндерді қолдауды бірнеше жылдан бері дәстүрге айналдырып келеді. Алайда, ерекше балалардың дефиледе бой көрсетуі, осы маусымның басты жаңалығының бірі болды.
Арайлым Малгаждар, блогер:
– Ерекше балалардың осындай подиумға шығып жатса, ол бізге үлкен көрсеткіш сияқты. Ол балаларға үлкен қуаныш сияқты. Сондықтан біз өте оларға қуаныштымыз шыққандарына.
Биыл алғаш рет KIDS FASHION DAY аясында жас дизайнерлер өздерін көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл Eurasian Fashion Week тарихында бұрын-соңды болмаған жаңалық. Тәжірибелі сәнгерлермен иық тіресе отырып, небәрі 13 жастағы Айлин өзінің авторлық «AYLI» брендін таныстырды.
Айлин Мәулет, жас дизайнер:
– Мен кішкентай, жас дизайнер болсам да мен басқа дизайнерлерден қалмадым. Менің көйлектерім өте әдемі, нәзік солай шықты.
Батырханова Гаухар, Айлиннің анасы:
– Айлиннің қабілетін қашан байқадыңыз?
– Мен негізі өзім кішкентай кезімде осы дизайнер болуды армандағанмын. Содан менен менің орындалмаған арманым Айлинге келген шығар.
Автор: А. Сауытбек