2 млрд! Баян Мақсатқызы КешYOUдың 20 жылдығын дүркіретіп өткізді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Мақсатқызы елде болмаған шоу жасаймын деп уәде берген еді. Сөзінде тұрды. Бәрін басынан бастайықшы.

Кеше жаңбыр жауды, сонда да дайындықты тоқтатпадыңыздар, байқадық иә, ешкім сырқаттанып ауырып қалған жоқпа? Бәрі сақадай сай ма?

Баян Мақсатқызы, продюсер:

Ауырып қалды 3 қыз, температурамен жүр, капельницамен жүр 3 қыз, бір құрам. Иә, температура, өйткені анау басқа жерде бетонды еден болған, Ал олар бетонда жатты, осындай номер болған, қойылым. Содан кейін 3 қызда температура 48-49.

Десе де сақадай сай қазір.

Енді, не істиміз енді, айттым өлмейсіңдер, капельница жасаймыз, таблетка ішеміз. Әйтеуір тырысып жатырмыз.

 

Қолайсыз ауа-райының салдары мұнымен шектелмеді.

Бағым Мақсатқызы, музыкалық продюсер:

Жаңбыр жауғандықтан саунд-чек жасай алмадық. Концерттің алдында кішігірім дайындық болды, бірақ мынадай ауқым үшін бұл жеткіліксіз.

 

Десе де КешЮдың кәсіби солистеріне мұның бірі де кедергі бола алмады. Олар әр әнді нақышына келтіріп орындады. Күрделі сахналық қойылымдарға қарамастан жоғары ноталарды қиналмай бағындырды.

 

Шоу үшін 600 костюм тігілген. Аруназ, Азамат Аргинбаев, Аида Кауменова. Қыздардың образдарын дайындауға еліміздегі ең танымал сән үйлері жұмылдырылған.

Кәмшат Жолдыбаева, КешYou тобының экс-солисі:

Былай ғой, бізде сахнада хрон бастан-аяқ жазылған. Бізде киінудің бәрі сахна үстінде болады Үлгердің бе, үлгермедің бе – болды ғой. Ешкім ол жерде ортаға шығып, халықпен сөйлесіп тұратын сәттер жоқ.

Баян Мақсатқызы, продюсер:

Әскерде кәдімгі сарбаздарды қолына секундомер ұстатып тұрып дайындайдығой, Баян Мақсатқызы қалай дайындады?

секунд ауыстыруға, тек қана 40 секунд. Бізде 520 костюм болады. Бәріне тек қана 40 секунд жеке номерге...

Дәл солай дайындадыңызғой барлығын иә?

Иә, солдаттарымғой. Үлегеріміз деп үміттенемін, үлгереміз, үлгереміз, үлгереміз.

 

Үлгерді. Расында да қыздар образдарын көз ілеспес жылдамдықпен ауыстырды. Дизайнерлер де талапта сай транформер-көйлектер дайындағанын айта кетейік. Бірақ форс-мажорсыз болмады.

Диана Кужагельдина, КешYou тобының солисі:

Иә бізге, біздің құрамда қатты бір қорқыныш тудырып тұрған бьюс әнінің постановкасы, себебі ол жерде бізде жанағы страховка жоқ, біз қыздармен темірдің үстінде, яғни ол темір, решеткадан істелінген кубқой, соның үстінде отырып бізді биші жігіттер айналдырады соның үстінде. Біз соның үстінде боламыз, жанында боламыз, сол кезде аяқ тайып кетпесе екен деген қорқыныш бар. Себебі ол жерден құласақ, енді құдай сақтасын дейік.

 

Кей жанкүйердің Мөлдір мен Балжанды күткені жасырын емес. Деректі фильмде айтылған әңгіме жарнамалық әдіс деп болжаған еді. Бірақ арулар сол күйі бой көрсетпеді.
Бағым Мақсатқызы, музыкалық продюсер:

Кез-келген қызды алмастыруға болады. Кез-келген мықты маманның орынына одан да біліктісі табылады. Сондықтан бұл тұрғыда біз қиналмадық. Бүгін көресіздер!

 

Ендеше таныс болыңыздар, Камила Талғат. КешYOU тобының су жаңа солисі күрделі партияларды еш мүдірмей орындап шықты.

Камила Талғат, КешYou тобының су жаңа солисі:

Ақбота, Жұлдыз біздің состав. Және де Элизат, Назым. Екі составта ән айтам Балжанның орнына. Әрине қорқыныш бар, өйткені қазір барлық халық әрине Балжан Бидашты күтеді. Ол сондай жұлдызды состав дейді ғой. Мені көрген кезде сұрақ туындайтын шығар, мынау кім деп, қайдан келді деп. Өйткені осы концерттің алдында ешқандай афиша болмады, осы концертте, осы шоуда маған презентация болады.

 

Камила мен Лаззат Балжан мен Мөлдірдің жоқтығын білдірмеді. Бұл менің емес, әлемжелідегі оқырманның, кеште болған көрерменнің пікірі.

Баян Мақсатқызы, продюсер:

Қыздардың барлығына гонорар төленді дедіңіз. Ең қымбат гонорар алған кім?

Барлық солисткалар бір ақшаны алады..

Нарықтағы гонорарды төледіңіз

Әрине, жоқ. Ол менің қыздарым ғой, әрине скидкамен.

Ауқымды шоу Баян Мақсатқызының 1 минуттық перформансымен аяқталды. Кештің жоғары деңгейде өткені сонша кеш 3 күннен бері ел ауызында. Кеш ю ақпарат айдынын босатар емес.

 

Автор: Д. Қыдырбек