Белгілі музыкант M`Dee бойдақ өмірімен қоштасты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйінші! Хит тректерімен бүкіл ТМД-ға танылған M`Dee шаңырақ көтерді! Айта кетейік, Мәди Тоқтаров сүйіктісі Гүлсезіммен 3 жылдан аса қыз бен жігіт статусында болған еді. Ал 4 ай бұрын махаббат қаласы Парижде ғашығына сөз салған еді...

Бұл кімнің арманы, яғни Гүлсезімнің арманы болды ма әлде өзіңіздің идеяңыз болды ма?

M`Dee, музыкант:

Иә,ол Гүлсезімнің арманы болды. Ол дәл Эйфель мұнарасында ұсыныс жасағанымды қалады. Бұл көп қыздың арманы екенін білемін. Міне мен оны Парижде іске асырдым.

Қыз ұзату болды иә? Үлкен той бола ма?

M`Dee, музыкант:

Қыз ұзату болды, үлкен Астанада. Енді құдалық болады. Той әзірге болмайды.

 

Құсын қолына қондырған M`Dee әзірге үлкен той жасауға да, балайына баруға да асықпайды мыс.

Бал айын қайда өткізетін жоспарларыңыз бар?

M`Dee, музыкант:

Әзірге білмейміз. Оның шаруасы көп қой. Әзірге жұмыс істеудеміз. Бәлкім 30 жылдарға қарай барып қалармыз.

 

Күйеу жігіттің сөзіне мән берсек, оған себеп тойдың көп қаражатты талап ететіндігінде ме дерсің. «Жақсылықтың ерте кеші жоқ» демекші жастар әлі-ақ өздеріне ыңғайлы уақытта дүркіретіп тойда да өткізеді деп сенеміз.

M`Dee, музыкант:

Қараңыз, мен қазір үйленген адаммын. Мен концерттерді таңдамаймын. Қайда шақырса, сонда бара беремін. Жұмыс болса болды, істей беремін. Отбасымды асырауым керек.

 

Жақында отау құрған M`Dee бүгінде қол қусырып қарап отырған жоқ. Әрине музасы жанында, енді алаңдамай шығармашылығымен айналыса беруіне болады. Еске салайық, қазіргі таңда Мәди Тоқтаров тек соло әнші ғана емес, Аяу, Руша секілді аруалардың музыкадық продюсері ретінде де жұмыс атқарады.

Жалпы «закрытый клуб» лейблының мүшелері болып концерт беретін жоспар бар ма?

M`Dee, музыкант:

Біз тамыз айында Астана және Алматы қаласында клубтың барлық мүшесімен концерт беруді жоспарлап отырмыз. Тыңдарманымызды асыға күтетін боламыз.

Автор: Ш. Құсаинова