EURASIAN FASHION WEEK: XII МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

Сообщить о проблеме с эфиром

Eurasian Fashion Week сән апталығының 12-маусымы дәстүрлі медиа-бранчпен басталды. Іс-шара сән индустриясының өкілдерін, серіктестер мен БАҚ өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.

Ирина Байжанова, EFW директоры

– Бүгін біз үшін ерекше күн. Бұл медиа-бранч Eurasian Fashion Week сән апталығының ресми косметикалық серіктесі Sisley Paris брендінің 50 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Биылғы Eurasian Fashion Week бағдарламасы ерекше жаңалықтар мен тосынсыйларға толы болмақ. Сән көрсетілімдерінің бірінде кәсіби модельдермен қатар қатерлі ісікті жеңген 10 әйел подиумға шығып, нәзіктік пен қайсарлықтың жарқын үлгісін көрсетеді.

Марина Корнейчук, Sisley Paris өкілі

– Біз Ирина Байжанова және оның бірегей жобасы Eurasian Fashion Week-пен танысқан сәттен бастап тығыз ынтымақтастық орнаттық. Содан бері бірлесіп, көптеген әдемі әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырып келеміз.

Ал сән апталығының басты бағдарламасында дизайнерлер көпшілік назарына жаңа көктем-жаз топтамаларын ұсынады. Биылғы маусымның ерекшелігі – мәдениеттер мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін тың тұжырымдама.

Әсел Акопян, EFW PR-директоры

– Биыл Eurasian Fashion Week сән апталығының 12-маусымы «Synergy» тұжырымдамасы аясында өтеді. Бұл – мәдениеттердің, ұрпақтардың және адамзат тарихының тоғысуын бейнелейтін идея. Аталған тұжырымдаманы 22–23 қазанда Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақүйінде өтетін сән көрсетілімдері арқылы таныстырамыз.

Жыл өткен сайын Eurasian Fashion Week жобасының халықаралық ауқымы кеңейіп келеді. Биыл сән апталығының басты қонақтары қатарында Оңтүстік Корея, Таиланд және Польшадан келген танымал дизайнерлер бар. Олар өздерінің тың туындыларын қазақстандық көрермен назарына ұсынбақ.

Ольга Ким, lifestyle-блогер

– Бүгінгі іс-шараға арнайы шақырылған блогер ретінде қатысып отырмын. Sisley брендін бұрыннан білемін. Оның косметикалық өнімдерін өзім де көп жылдан бері қолданып келемін.

Айсұлу Ахимова, EFW арнайы шақырылған қонағы

– Мен сән апталығының алғашқы маусымдарынан бері осы жобаның амбассадорларының бірі болып келемін десем де болады. Бұл жолы сән апталығының ашылу шарасына кездейсоқ тап болдым. Sisley – өз саласында жоғары беделге ие, жетекші брендтердің бірі.