Алматылықтардың сүйікті сауда және демалыс орындарының біріне айналған Aport Mall East өзінің үш жылдығын дүркіретіп атап өтті. Мерейтойға орай ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ауқымды ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Мерекелік шарада түрлі байқаулар, балаларға арналған шеберлік сабақтары мен бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды.
Сабыр Жансағимов, Aport сауда орталықтары басқарушы директорының орынбасары:
– Қонақтарымызға көптеген қызықты іс-шара дайындадық. Балаларға арналған шеберлік сабақтары мен дамытушы ойындар өткіземіз. Ең бастысы, 100 сыйлық ойнатылатын ұтыс ойынын ұйымдастырамыз. Сауда жасаған әрбір қонағымыздың осы сыйлықтардың бірін ұтып алуға мүмкіндігі бар.
Мерекелік шараға жиналған жұрттың қарасы қалың. Келушілер түрлі ойындар мен байқауларға қатысып, ерекше көңіл күйге бөленді. Мерейтой аясында 100-ден астам сыйлық, оның ішінде арнайы сертификаттар мен тұрмыстық техника ойнатылды.
– Отбасымызбен әр жексенбі сайын осында келіп, уақыт өткіземіз. Бүгінгі іс-шаралар өте қызықты өтіп жатыр. Түрлі байқаулар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылуда. Барлығы көңілімізден шықты. Керемет мереке болды!
Үш жыл ішінде Aport Mall East тек сауда жасайтын орын ғана емес, отбасымен бірге демалып, бос уақытты қызықты өткізуге арналған орталыққа айналды. Сауда кешені мұнымен шектелмек емес. Алдағы уақытта келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа цифрлық жобаларды іске қосып, халықаралық және отандық брендтердің қатарын толықтыруды жоспарлап отыр.
Дариға Нұрашева, Aport Mall East маркетинг және PR департаменті директорының орынбасары:
– Қазір жаңа мобильді қосымшаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл Қазақстандағы сауда орталықтары арасында алғашқылардың бірі болып жүзеге асырылатын жоба болмақ. Оны ауқымды бағдарлама ретінде енгізуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ жақын арада жаңа брендтердің дүкендері ашылады.
– Aport Mall East-тің ерекшелігі өте көп. Басқа қалалардағы сауда орталықтарында мұндай мүмкіндіктер көп кездесе бермейді. Мұнда пәтер, автокөлік және өзге де бағалы сыйлықтар ұтысқа тігіліп жатады.