Әлемге әйгілі ЕХО тобының вокалисі Чен алғаш рет Қазақстанда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Алғаш рет Қазақстанда к-поп айдолы ЕХО-лық Чен өнер көрсетпек. Кеште отандық өнерпаздар Найнти уан, Альфа топтары да өз жанкүйерлерімен қауышпақ. Ерекше шоуды тамашалауға біз де ат басын бұрдық.

 

Әлемдік әртіс сахнаға шыққанша аренаны отандық Q-POP өкілдері жандандырды. Олардың қатарында Rozalee, Ziruza, Ne1tron, Alpha тобы өнер көрсетті. Музыканттардың бірі жақында камбэк алатынымен қуантса, енді бірі жаңа топ құрып, тыңдарманды қуантуға уәде етті.

 

Иглздардың сүйікті мемберлерімен бірге ән шырқайтын сәті де келді. Саханада Ninety one! Вoysband шыға сала бүгінгі кештегі басты мақсатымен бөлісті. Чен шыққанға дейін сахнаны өртеп жібереміз деп қалжыңдап та үлгерді және ол сөзінде тұра алды десек артық емес.
 

Арена ЕХО-L, Eagles, Love&Peac-терге лық толы. Ендеше, олармен жақынырақ танысып көрейік.
– Бүгінгі кешке кім үшін келдіңіз?
– Чен.
– Ченді неше жылдан бері тыңдайсыз?

– 12 жыл

– Чен туралы қызықты ақпарат айтыңызшы.
– Чен керемет вокалист. Және ол отбасылы адам.
Чен соңғы уақытта өз қолымен кофе дайындауды жақсы көреді. Және ол сол үшін 3 кофемашина сатып алған.

Міне, көп күттірген ерекше дауыс иесі. Вокалист шыққан сәттен аренаның іші айқай-шудан жарылуға сәл қалды. Тұңғыш рет қазақ сахнасында ән айтып тұрған өнерпаз да ішкі қобалжуымен бөлісіп, ерекше әсерде тұрғанын жеткізді.
Ал отандық жұлдыздарға әлемдік музыкантпен бір сахнада өнер көрсету қандай әсер сыйлады?

 

 

 

Ne1tron, рэпер:

– Кіріп гримеркасына, қол алысып, амандасып, танысып дегендей. Жаңағындай nice to meet you, good luck вот осылай рэперміз деп, бірге фотоға түсіп сол.

«Alpha» тобы:

– Осындай мүмкіндік болғанына біз қуаныштымыз. Сондай сезімдерімізді білдірдік. Өте қарапайым кісі. Таза артист, таза айдол. Үйренетін дүние көп әрине.

– Сол Ченннің жасына келгенде сол сияқты әдемі болу өте қиын деп ойлаймыз. Біз сондай болсақ, біздің нағыз профессионалдығымыз деп көретін боламыз.

 

Иә жігіттер. Үйренетіндеріңіз әлі алда. Профессионал болу үшін әртістің тек сырт келбетіне ғана тамсанбай, райдерін де қарап жүргендеріңіз артық етпес. Мысалы, Чен мырзаның мынадай кәсіпқойлығын байқадық. Қай елге барса да сол жердің мәдениетіне құрмет көрсетіп, қымбат талап қоюдан аулақ екен.

 

Камила Мугалим, «Jazi orchestra»-ның креативті директоры, ұйымдастырушы:

– Шынында, біз өте таңғалдық. Өйткені оның райдері біздің қазақстандық әртістерімізден айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Чен өзі өте қарапайым адам. Өте мейірімді, келісімге бірген келеді екен.

 

Айдолдың қарапайымдылығы сонша, грим бөлмесінде біздің жұлдыздармен танысып, сый-құрмет көрсетті деседі. Мүмкін Alpha тобының арманы да орындалып қалар. Ендеше Чен мырза, құлағыңызға алтын сырға:

«Alpha» тобы:

– Енді адамның ойы шексіз кете берген соң, ойда мысалы Ченмен де feat жазғымыз келеді, ЕХО-ның өзімен де feat жазғымыз келеді.

 

Алматы мұндай кешті бұрын-соңды көрмеген. Әлемдік айдол мен q-pop жұлдыздарының бір сахнадағы синергиясы — музыка тілінде шектеу жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.