Тікелей эфирдегі ақылы тойдың құны 1380 теңге! Неге дәл осындай сомма бекітілді? Жауабын шараны ұйымдастырушылардың бірі продюсер
Айгүл Ақсамбиевадан анықтап сұрадық.
Айгүл Ақсамбиева, продюсер:
– 1380 теңге деген ол саналған дүние. Шығындардың барлығы реттеліп, қызмет еткен 50 шақты адамның еңбегін өтеу үшін және шамасы сол біз болжағандай 9-10 мың адамға дейін жетсек сол жерде ғана біз шығынды өтей алатындай қылып санаған цифрамыз. Мақсатқа жеттік.
– Мейрамханаға жиналған 800-ге жуық қонақ, 14 бірдей жүргізуші басқарған тойды 100 мыңнан аса көрермен онлайн тамашалады деген қауесет тарады. Болжаммен, Майғазиевтің қалтасына 165 миллиионға жуық қаржы түсті. Бұл ақпарат қаншалықты рас?
Айгүл Ақсамбиева, продюсер:
– 100 мыңнан асқан адам қызығып, сілтемені басқан адамдардың саны. Бірақ сатып алып, тікелей эфирге қосылғандардың саны әлдеқайда аз. 9 мыңның жоғары жағында, 10 мыңға жетпейді.
Желіні шулатып, резонанс тудырған шара қазақ тойына жаңа тенденция алып келді. Енді болашақта жұлдыздардың қуанышын тек ақылы тамашалау мүмкіндігін иеленіп қалмасақ игі. Ал Майғазиевтің әріптестері бұл шешімін қалай қабылдады?
Балжан Бидаш, әнші:
– Шынымды айтсам ол біртүрлі нәрсе сияқты. Мынау жақсы бизнес екен. Мен де солай жасағым келеді. Қызық идея. Бірақ білмеймін енді ондай нәрсені.
Сәкеннің қуанышына бірге бөлісіп, шашбауын көтеріп жүргендерге микрофон ұстатып ек, тек жылы лебізін айтып, тілегін жеткізумен ғана шектелді. Ал ақылы тойға қатысты пікір білдіруден түбегейлі бас тартты.