Жансерік Қадырбаев, кинопродюсер, блогер:
– 120 млн қаржыдан қағылғаннан кейін қайта фильм түсіруге жүрексінбедіңіз бе?
– Әрине, жүрексіну, уайым бар. Дегенмен де 120 млн жоғалттық екен деп, сүйікті ісімізден бас тарту біздің табиғатқа келмейді, өзімізді қолға алған жайымыз бар. Нақтырақ айтқанда, киноиндустриядан көңілім қалып, енді қайта келмеймін деп жүрген кезде, жігіттер: «Жәке, сен өзіңдікін алмаған сияқтысың. Алғашқы фильмің қиын кезде шықты. Тәуекелді бөлісейік, ерекше жанрмен келейік» деп, ұсыныс білдірді.
Жансеріктің прокат уақытын қиын кезге балауы бекер емес. Оттегі фильмі үлкен экранға шыққанда елде төтенше жағдай болып, өңірлерді топан су басқан еді.
Жансерік Қадырбаев, кинопродюсер, блогер:
– Тек табиғи апаттың кесірі ме? әлде кейбір шығындарды, форс-мажор оқиғаларды ескермей қалдыңыздар ма?
– Бұл жерде актерлық құрам өте қымбат болды. Себебі танымалдар ойнады. Сол жағынан және қыста түсірдік. Осындай мәселелермен көп қаражат кетіп қалды. Алғашқы туынды болғаннан кейін бұл салаға білмей келдік қой. Ойда жоқ шығындар көп болды.
Жансерік Қадырбаев, кинопродюсер, блогер:
– Бағаланбай қалған, көрерменге дұрыс жетпей қалған туындылар қатарынан деп ойлаймын. Ол фильм өз орынын, өз уақытын табатынына мен сенімдімін.
– Жұлдыз сәтін күтейік!