Отандық киноиндустрия су тасқыны туралы тұңғыш фильммен толықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, @duriiya_Kydyrbek

Құрметті көрермен, біз бүгін ерекше туындының жабық көрсетіліміне келдік! Себебі бұл апат туралы тұңғыш қазақстандық фильм. Түсірілім үшін 3 ай бойы арнайы ауыл мен дамбы тұрғызылған. Ал продюсері Шығармашылық шығынды өтеу үшін үйі мен көлігін сатқан. Бірақ «Qaitadan» толықметрін көрудің жалғыз себебі емес. Тарқатайық!

 

«Бұл асығыс түсірілген, комерцияны көздеген көп картинаның бірі емес»,- дейді продюсер. «Жылдар бойы зерттелген, шығармашылық өңдеуден өткен, кем-кетігі түгенделген туынды»,- деп таныстырды.

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер:

Ұлттық фильмді қолдау орталығының үлкен конкурсы болады жылда, соған біз өзіміздің бағымызды сынап осыған сценарий жазып жібердік. Және де 440 қателеспесем жобадай қатысты. Соның ішінен 5-6 толықметражды фильм өтті. Біз жай ғана басқа жанрдың да өмір сүруге хақысы бар екенін көрсеткіміз келеді. Қаншама еңбек жасалды. Аяқ басып көрмеген дүниелер ажсадық.

 

Фильмнің желісі бойынша еліміздегі ауылдардың бірін топан су басады. Қызығы, бас кейіпкер бір күннің шырмауына түсіп, апат болған сәтке орала береді. Ендігі миссиясы - өңір тұрғындарын аман алып қалу.

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер:

Көп фильмдер асығыс түсіріледі, қаржының аздығына байланысты. Біз енді мемлекеттің қолдауынан бөлек, өзімнің пәтерімді саттым деген сияқты дүниелер бар. Иә, көлікті ломбардқа қойдым...

 

Продюсердің бұлай шығындалуы бекер емес. Себебі, ауылды су басатын сахнаны түсіру үшін жай декорация емес, бүтін бір ауданның макетін тұрғызған. Апатты графикамен бейнелемей, көрерменді сендіру үшін, жасанды дамбы жасап, су тасқынын ұйымдастырған.

Жасұлан Көпберген, актер:

Біз түсірген ауылда Күртіде, дәл сол ауылдың 9 есе кіші нұсқасын тұрғызды. Мен ана жұмысты бағалай алмаймын. Ауылды дәлме-дәл қорасына дейін, шөбіне дейін барлығын тұрғызды. 8 тонна су жинады. Бір ғана мүмкіндік, су дұрыс ақпай қалады немесе болмай қалады.

 

«Түсірілім жалғыз дубльдің құдіретін түсіндірді. Себебі 1 қателік – шығармашылық топтың 3 айлық еңбегін жоққа шығаруы мүмкін еді»,- дейді Жасұлан. Фильмнің режиссері әрі идея авторы - Думан Еркімбек. Маман «бұл апат туралы емес, біз туралы» туынды дейді.

Думан Еркінбек, режиссер:

Бір қарағанда апат туралы фильм. Бірақ жасырын месседжі бар ма?

Алдымен месседжді ойлап, сосын жазып шықтық. былай айта аламын, дамбының жарылуы тек символ. Ол басқа нгарсені меңзейді біздегі. Бір ауылдың жағдайы - бүкіл қазақстандағы жағдай деп айтуға болады.

 

Фильм прокаты аяқталғаннан кейін халықаралық фестивалдерге жол тартпақ. Ұжым Америка, Эстония, Корея мен Жапониядағы байқаулардан номинат атануға үмітті екенін жасырмады.

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер:

Фестивальге арналған туындыны бәрі көре бермейді ғой. Қорқыныш жоқ па? Әлде баланс бар ма?

Баланс бар. Авторлық фильм емес. Атракциондық фильм. Күле де, жылай да аламыз. Сапалы дүние көре аламыз. Бастысы адамзатқа ортақ тақырып бар.
 

Көрсетілімнен кейін көрермен тоқтаусыз шапалақ ұрды. Қалың көпшіліктің ықыласынан соң продюсер де ұжым да толқынысын жасырады алмады.

 

Қайрат Әділгерей, актер:

Керемет әсер алдық. Режисерлық идея, құрам барынша жақсы жеткізілген!

Марат Оралғазин, шоумен, тележүргізуші :

Бетіне айтайық маған қатты ұнады... Ерекше кино, форматы бөлек! Еңбек көрініп тұр.