Жұлдыз Абдукаримова үлкен қызын Англияға оқуға аттандырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыз Абдукаримова үлкен қызын Англияға оқуға аттандырды!

 

Әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова кеше ғана бесінші сәбилерін бауырларына басқан еді. Ал бүгін тұңғыштары Сезімді Англияға оқуға шығарып салды. Актриса толқынысын жасыра алмай, әуежайдан бейнежазба жариялады.

Жұлдыз Абдукаримова, актриса, Қайрат Нұртастың жары:

Менің кішкентай ғана, кеше ғана дүниеге іңгәләп келген Сезімім қазір үлкен өмірге қадам басқалы жатыр. Үлкен өмірге қадам басып, Англияға ұшып бара жатыр. Біз шығарып салып тұрмыз. Және ақ жол тілеуге келіп тұрмыз. Сезекама, білім жолында зейінің ашылсын деп айтқым келеді.

Менің шашбауымды көтеріп келген құрбым, ол Мавелиночка, рақмет!

Ең қызығы, соңғы қоңырауда қызының жанынан табылған әнші Қайрат Нұртас бұл жолы тұңғышын шығарып салуға келмегені белгілі болды. Жолдасының әрекетін Жұлдыз әлеуметтік желіде жазба жариялап, былай деп түсіндірді:

«Ата-апасы да, әкесі де ел адамы! Халық алдында жүргендіктен жауапкершілік жоғары екенін ескереді. Бұл жағдайды балалар жақсы түсініп, қабылдайды. Соны біліп, алдын ала Сезека ең бірінші өз атасынан батасын алып, маңдайын иіскетті»

Апа, жолға шығып бара жатырмын, енді өзіңіздің ақ батаңызды беріңіз.


Ата-апасының ақ батасын алып, Сезім Нұртас үлкен қалаға оқуға кетті. Желі жұршылығы жұлдыз отбасының қуанышын бөлісіп, ақ тілектерін жарыса жазып жатыр.


Автор: М. Нұрғалиқызы