Ne1tron мен Alem-нің арасынан қара мысық өтті!
– Айбек мырза, сізді көргенімізге өте қуаныштымыз. НТК арнасының көрерменін өзіңіздің әндеріңіз дүниеге келетін жерге шақырғаныңызға үлкен рақмет. Жақын арада «S.O.S» атты жаңа әніңіз жарық көрді. Ән не жайлы?
Ne1tron, музыкант:
– Ән махаббат жайлы. Екі адамның арасындағы арақашықтықтағы махаббат деп айтса болады.
Ne1tron бұл жолғы туындысына әйгілі «Ванпис» анимесінен шабыт алған. Автордың айтуынша, релиз қысқа уақытта әзірлеген-ді. Айта кетейік, осы трек үшін Ne1tron мен «91» тобының солисі Alem-нің арасында тартыс та болған екен.
Ne1tron, музыкант:
– Ең алғашқы рет сол әнді тыңдап «Ванпис» туралы екенін айттым. De lacure-ге айттым, ол Кураға. Кейін Zaq екеуіне тыңдатқанмын. Сосын Батырға жібергенмін телеграмнан. Сатуымды сұрады, мен келіспедім.
«S.O.S» трегі жуырда жарық көрді. Бірақ релиз әлеуметтік желілерде кең тарала қойған жоқ. Кім білсін, егер ән Батырға берілсе, тағдыры өзгеше болар ма еді?! Дегенмен бұл Alem мен Ne1tron достығына сызат түсірмейтін сыңайлы. Себебі «HighOne» тобымен Батырдың жаңа фиті дайын тұр.
DNA-ден HighOne-ға! Бүгінде Ne1tron тек соло артист қана емес, «HighOne» тобының да солисі. Бұл шығармашылық ұжымда Zaq пен De Lacure-де бар. Танымал музыканттар шоу-бизнесте өзіндік лақап аттарымен белгілі болғанымен, топ ішінде Дулатты — «Біртүрлі», Ануарды — «Қуырдақ», ал Айбекті — «Бүлдірген» деп атайды.
«HighOne» тобы қазіргі таңда «Қазақша мектеп» атты жаңа альбом әзірлеуде. Алғашқы трегі жақында тыңдарманға жол тартпақ. Барлық жұмыс дәл осы шағын студияда жүріп жатыр.
Ne1tron, музыкант:
– Осы жерде міне Zaq осы жерде тұрды да оқыды. Ал мен жазып отырдым. Ал De Lacure сары диванда мәтін жазып, одан қолса қолдау білдіріп отырды.
Жаңа альбомның трек-листіне 17 ән енген. Алайда бұл сан қысқаруы ғажап емес, себебі жігіттер барлық композицияны толықтай аяқтап үлгермеуі мүмкін.
– Сіздерге продюсер керек деп ойламайсыздар ма?
Ne1tron, музыкант:
– Продюсер деген сияқты нәрсе ондай аса қатты балаларға да, маған да керек емес сияқты. Өйткені әнді өзіміз жазамыз. Бүкіл керек нәрсенің бәрі қолымыз жететін жерде. Енді кейбір кезде ақшамыз болмай қалады. Сол кезде Zaq төлейді. Өзара андай есепшот деген жоқ. Енді былай әзілдеп өз-өзімізге айтамыз. Шамамен 120-200 мың теңгедей бар шығар. Көк дәптеріміз бар, қарыз дәптеріміз. Соған жазып қоямыз.
«HighOne» тобының идеясы да, әні де, студиясы да дайын. Бірақ үлкен сахна мен гастрольдік тур үшін бұл жеткіліксіз. Десе де, жігіттердің тыңдарманы күн санап артып келеді.
Авторы: Ш.Құсаинова