Мөлдір Нұрғалиқызы, тілші:
Алматы – мүмкіндіктер қаласы. Мұнда күн сайын жаңа жобалар мен компаниялар пайда болып жатыр. Бірақ табысты бизнес тек жақсы идея мен мықты командаға емес, кеңсенің орналасқан жеріне де тікелей байланысты. Жақсы локация – компанияның дамуына серпін беретін, тіпті бәсекедегі басты артықшылығына айналатын күш.
Сарапшылардың айтуынша, дұрыс локация таңдай білген компаниялар ұзақ мерзімге ұтысқа шығады. Бұл – мықты мамандарды тарту, серіктестердің сенімі және нарықтағы беделді нығайтуға тікелей әсер етеді.
Виталий Шалаев – жылжымайтын мүлік бойынша тәуелсіз сарапшы:
– Мысалы, Республика алаңының маңы – өте жақсы локация. Барлық жақтан қатынау ыңғайлы, бұл – қазір өте маңызды нәрсе. Инфрақұрылымы да жақсы: спортзалдар, дәмханалар бар, қазір үлкен коммерциялық нысандар салынып жатыр. Меніңше, бұл – инвестиция тұрғысынан да тартымды орын. Осы аймаққа қаржы салған инвестор тұрақты әрі жақсы табыс таба алады.
«Алма Инвест Холдинг» дәл осы ауданда жаңа бизнес-орталық жобасын қолға алды. Басты идея – тек ғимарат салу емес, іскерлік ортаны қалыптастыру.
«Алма Инвест Холдинг» кеңселерді ұсынғанда, сізге компания бейнесін ұзақ жылдарға қалыптастыру мүмкіндігін береді. Оның ішінде: қаланың көрікті жерлеріне қарап тұратын кеңсе қабаттары, офис проекциясын қалауыңызша жасау мүмкіндігі және дизайн бойынша шығармашылық еркіндік. Ал алдын ала бронь жасау – тиімді шарттармен кеңсеге қол жеткізудің жолы.
Мөлдір Нұрғалиқызы, тілші:
«Алма Инвест Холдинг» жай ғана кеңсе емес – табысты орта қалыптастырумен айналысады. Мұнда идеялар жүзеге асып, командалар тиімді жұмыс істейді. Ал компаниялар бәсекеге қабілетті бола түседі. Бүгін дұрыс таңдалған кеңсе – ертеңгі жетістікке бастар жол. «Алма Инвест Холдинг» – болашағы зор кеңістікті таңдауға көмектеседі.