Блогер Артурдың жары Замира Саидова Eurasian Fashion Week-тің амбассадоры атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Медина Жалғасова, блогер, актриса:

Медиа-бранч өте керемет өтіп жатыр. Партнерлар өте көп. Подаркалар өте көп. Осы жылы Eurasian Fashion Week жақсы өтетін сияқты. Күшті өтеді.

Актриса, инфлюенсер Медина Жалғасова фэшн-уиктің тұрақты қонағы болса, ал Арчидің жары Замира Саидова тұңғыш рет шоудың амбассадоры атанды.

Замира Саидова, блогер:

Шоу ерекше әдемі болатын сияқты. – Менің ойымша өте әдемі, ғажайып бір дүние болатын сияқты.Вот мені таңдағандарына рақмет.

 

Бұл Замираның алғашқы тәжіибесі болғандықтан алғашында толқыған. Бірақ ұсынысты бірден қабылдаған екен.

Замира Саидова, блогер:

Ең алдымен менің менеджеріме жазды. Мен менеджеріммен ақылдастым. Өйткені, күйеуім басқа қалада, басқа мемлекетте болғандықтан, мұндай әңгімелерді көп ақылдаспаймыз.

 

Биылғы фэшн-шара «The Great Silk Road» деп аталды. Бұл маусымның концепциясы Шығыс пен Батыстың байланысын нығайтып, заманауи сән индустриясында мәдени мұраның маңыздылығын көрсету.

Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:

Біздің фэшн-шараға ұлттық код керек сияқты көрінді. Өйткені, қазақ елінің тарихы тікелей Ұлы Жібек жолымен байланысты.

 

Еurasian Fashion Week-те 21 дизайнердің жұмысы көрсетіледі. Олардың қатарында шетелдік және отандық сәнгерлермен бірге дебютанттар да бар. Корея, Әзірбайжан, Ресей елдерінің кәсіби мамандары өздерінің тың туындыларын ұсыну үшін шара ұйымдастырушыларына өтінім жіберген.

 

Шара нәбәрі 2 күнге созылмақ. 10 жылдық мерейтойға орай, ұйымдастырушылар сәнбикелерге арнап көптеген тосынсый дайындаған.

Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:

Ең бастысы жас дизайнерлер байқауының финалы өтеді. Бұл нағыз тартысты сайыс болайын деп тұр. Бас жүлде — 1 миллион теңге. Сонымен қатар, жеңімпаз Флоренцияда тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады.

 

Сән алаңында Kids Fashion Day, Muslim Fashion Day топтамалары ұсынылады.

Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:

Кастинг өте жоғары деңгейде өтті. Елестетіңізші, 600-ден астам модель қатысты. Дизайнерлер сұлу қыздар мен жігіттердің көптігінен естерінен тана жаздады.

 

Осылайша медиа-бранчта биылғы маусымның айрықша тұстары талқыланды. Сән апталығы 22-қазанда басталатыны хабарланып, шығармашылық ұжым барша сәнсүйер қауымды қатысуға шақырды.

Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:

Басты мақсат — әрине бүкіл әлемге Қазақстанда да сән индустриясы жақсы дамығанын көрсету. Қонақтар әрдайым ерекше әсерге бөленеді. Олар: «Біз талай елде болдық, бірақ Eurasian Fashion Week әрдайым жоғары деңгейде өтеді» — деп тамсана айтады.