Офисты жалға алмас бұрын неге басымдық беру керек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шерхан Пірназар, актер, кеңсені жалға алушы:

Алматы қаласы соңғы уақытта кептеліс қатты боп кетті ғой, сондықтан қаланың шет жағы болса оқушыларға да, педагогтерге де тиімсіз, Орталық болған соң барлығына жақын деп осыны алдық. Метро жақын, аялдама бар, көлік шақырсаңыз да қаланың орталығынан баратын жерге бағасы аз шығады деп ойлаймын. Сондықтан қаланың ортасы бізге тиімді.

 

«Бүгінде жұмыс іздеушілер жалақының мөлшерінен бөлек, кеңсенің жайлылығына да мән береді екен. Сондықтан білікті мамандардан құралған команда жасақтағысы келген әр мекеме ғимараттың инфрақұрылымын дамытуы тиіс дейді» - HR директор Інжу Жұмаділова.

Інжу Жұмаділова, компанияның HR директоры:

Мысалы, жұмысқа кандидат келді. Оның назарына бірінші түсетін нарсе жұмыс орны. Яғни, бұл бірінші әсер. Біз бірінші әсерді қайталай алмаймыз. Сондықтан бұл маңызды. Жұмыс орынына қарап жұмыс берушінің қызметкерлерге қаналықты көңіл бөлетінін, мәдениетін түсінеміз.
 

Кеңседегі әр деталь маңызды. Себебі жарық, қабырғаның түсі, тіпті жиһаздардың орналасуы да мамандардың көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Ал жұмыстың өнімді боулы – қызметкерлердің жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан бүгінде компаниялар офисты көбіне өз кәсібіне сай икемдеуді қолға алған.

Эльмира Қондыбаева, дизайнер:

Кеңсені өз дизайнына келтіру маңзды. Себебі, кеңсеге кіргенде онфың философиялық маңызын үнсіз маркетинг түрінде беретін сала – дизайн деген. Яғни, сіздің кеңсеңіз егер де өзіңіздің брендіңізге сай болса ол өте үлкен қадам, маркетинг жағынан, клиентке деген жағынан.

 

Мамандар «Республика» бизнес орталығы – заманауи кеңсенің озық үлгісі болады деп сендіруде. Жалға алушыларға қолайлы болуы үшін барлық қажеттіліктірді ескереміз дейді. Жаңа үлгідегі лифт, кең көлік тұрағымен қамтамасыз етуді де мақсат етіп отыр. Бастысы, кеңсені өз қалауыңызға қарай әрлеп, кәсібіңізге сай безендіруге рұқсат етпек. Тиімді ұсыныстан құр қалмайын десеңіз, 2026-жылдың наурыз айынан бастап жалға ала аласыз. Орындар шектеулі екенін ескертеміз. Сондықтан, кәсібіңізге кеңсе іздесеңіз, алдын-ала орын алып үлгеріңіз.