Aya Funk Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін джаз стилінде орындамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл идея қайдан келді?

Aya Funk, музыкант:

Шәмші Қалдаяқовты негізіатам көп тыңдайтын болды. Кейін үйде менде сол Шәмші Қалдаяқов атамыздың әнін тыңдап өстім. Әнін шырқау бала кезімнен арманым болатын.

 

Жаңа релиздің толық нұсқасы әлі жарық көрмеді. Бірақ бүгінде үзіндісінің өзі тик ток желісінде 110 мыңнан астам қаралым жинауда.

 

Әлеуметтік желіде оқырманның басым бөлігі жағымды пікір қалдырған. Бірақ Аян бұндай көрсеткішті күтпеген болып шықты.

Aya Funk, музыкант:

Қорықтым шыны керек, адамдардың сөзінен. Жалпы ойладым ұят болады-ау деген сияқты. Бірақ, Шәмші Қалдаяқовтың жаңағы қарындасымен сөйлескен болатынбыз. Ол кісі әнді тыңдап, өзі қолдап «Ешқандай қарсылығым жоқ!» -деп, рұқсаты мен батасын алдық.

 

Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларына иелік ететін қарындасының келісімін алған музыкант «Арыс жағасында» әнімен біраз эксперимент жасаған.

Aya Funk, музыкант:

Джаз негізінде қиын стиль болғаннан кейін, біздің қазақ халқына кішкене жаттау. Бірінші нұсқа өте шетел болған. Қазір оны біз джаз-попқа айналдырып, тыңдала беретіндей деңгейге жеткіздік және де оның ішіне домбыра қостық.

Осы каверге жақында жарық көретін «Бақыт құшағында» толықметрінің авторлары қызығушылық танытыпты. Сол жайлы толығырақ айтсаңыз?

Aya Funk, музыкант:

Біз кейін естідік осы «Бақыт құшағында» кино түсіріліп жатқанын. Сәл кешігіп қалдық. Ол кісілерге де ұнады «Естіп жатырмыз. Өте әдемі» - деді. Бірақ саундтрек ретінде алына ма, алынбай ма белгісіз…

 

Өнер иесі сұқбат барысында жаңа бейнебаянына дайындалып жүргенін жеткізді. Ендеше музыкантқа сәттілік!