Гүлдана Мұқан, тілші:
Ер есімі – ел есінде! Террористті жалаң қолмен ауыздықтаған Ғазиз Байтасов жайлы фильм жарық көрді! Марқұм құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Халық қаһарманы» атағын алған алғашқы әрі жалғыз адам! Фильмде Ғазиз Байтасовтың ұлы Әділжан Байтасов та бой көрсетеді.
«Капитан Байтасов» картинасының жабық көрсетілімі бақилық болған капитанды еске алумен басталды. Халық қаһарманына бір минут үнсіздік жарияланып, арнайы құрмет көрсетілді.
Отанына адал қызмет етіп, қарапайым халықтың өмірін сақтап қалу үшін өзінің жанын қиған Ғазиз Байтасов жайлы туынды 3 жыл бойы жүзеге асқан. Режиссер Дәурен Қамшыбаев пен бас кейіпкер Азамат Сатыбалды іске кіріспес бұрын, отбасынан арнайы рұқсат алыпты.
Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Аманат деген нәрсе барда, жалпы тарихи образ жасау ол кәдімгідей арқаңа жүк.
Гүлжамал Тәжиева, Ғ. Байтасовтың жұбайы;
– Осы кинода Ғазиздың нақты қандай ер азамат екендігі, қандай полиция қызметкері екендігі, отбасында қандай жар бола білді, өзінің ұлдарына қандай әке бола білгені соның бәрін осы түсірілімде көрсетті.
Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер.
– Әрине Ғазиз ағамыздың басына барып қайттық, отбасынан рұқсат алдық. Болған жағдайлар болған жердің барлығын түгел жүріп қайтттық.
Еске салсақ, Ғазиз Байтасовтың прототипін сомдаған Азамат Сатыбалды халық батырын сомдау үшін шынайы өмірде полиция қызметкері де болып көрді. Бұл -режиссердің талабы.
Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Мен Алматыда пәленше күн, патрульдік полицияда жүрдім және де ең қызығы мен Сейфуллин көшесінде регулировкада өзім тұрдым.
– Кептеліс жасаған жоқсыз ба аға?
– Басында қиын болды, қатты сасып қалдым. Соңында бәрін үйреніп алған кезде мен бір ләззат. Сен құдды дирижер секілді бәрін басқарасың. Біреулер біліп қойды танып, «Азеке не істеп тұрсыз?» - деп.
Мұздай қаруланып, кеудесін бомбамен орап алған ланкестің рөлін сомдаған Еркебұлан Дайыров. Кино және театр актері кейіпкері үшін арнайы мамандардан сабақ алған.
Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Жобадан кейін өздеріңізге психолог қажет болмады ма?
– Мен ойлаймын Еркебұланға қиын болған шығар.
Фариза Ескермес, актриса:
– Сіздің жұбайыңызды Еркебұлан Дайыров ойнайды. Трейлерді көрген кезде денең тіріркеіп кетеді, ол кісінің образынан. Түсірілім алаңында сондай вайб сезілді ме?
– Оларда сен сияқты тамақтанады, сен сияқты күледі. Сен оны түсінбейсің, ол террорист па террорист емес па. Бірінші рет ол кісімен жұмыс істедім. Ол менің уиш-листімда болған адам.
Сіздерде ең әсерлі сахна жарылыс сахнасы болды. Түсірілім алаңында әйнек ештеңе тиіп кетпеді ме?
Лаура Мырзахметова, актриса:
– Тұман бар ғой, «дым» дейді ғой соған қақалып өлген жәйіміз бар иә.
Дархан Сүлейменов, актер:
– Мен кәдімгі топыраққа көміліп қалдым.
Қобыланды Болат, актер:
– Көбі ойлап жатыр ғой трюктің бәрі біздер ойнады деп, біз ақиқатты айтайық, дублерлар болды бізде. Сол кісілер құлады біз ары қарай келіп атқарылатын міндетті атқардық қой енді.
Фильмде ТОП актерлардан бөлек, марқұм Ғазиз Байтасовтың ұлы Әділжан Байтасов та Азамат Сатыбалдының қалауымен бой көрсетеді. Эпизодта көрінетін Әділжан әкесі жайлы ақпаратпен бөлісіп, сценарийге атсалысқан.
Әділжан Байтасов, Ғ. Байтасовтың ұлы:
– Осы Азамат ағаның бастауымен мен түсірілім алаңына шақырылдым. Осы фильмінің шығуына бастан аяқ сол кісілердің арқасында атсалыстым деп айтсам болады.
Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Бұл киноның басты месседжі – қаһармандар біздің ортамызда. Өйткені ешкім тоқтата алмаған террористті жәй ғана МАИ қызметкері Капитан Байтасов тоқтатады.
Дархан Сүлейменов, актер:
– Мұндай ерлік мың жылда жүз жылда бір рет болып жатады. Титр: Әділжан Байтасов, Ғ. Байтасовтың ұлы:
– Әкеміздің ерлігі дәріптеліп, осылай құрметтеліп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе.
Гүлжамал Тәжиева, Ғ. Байтасовтың жұбайы
– Қазіргі таңда менің ұлдарым әкесін мақтаныш етіп, сол кездегі сезімдерді мен ойлаймын осы жерде білді.
Гүлдана Мұқан, тілші:
– Қазақ киносының қоржынына тағы бір тың жоба қосылды. Ер есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Келешек ұрпақ Байтасовты дәл осы фильм арқылы танитын болады. Шынайы оқиғаға негізделген, халық қаһарманы жайлы экшн-драманы еліміздің барлық кинотеатрларынан көре аласыздар!