Республика алаңы - Алматының төлқұжатына айналған орындардың бірі әрі бірегейі. Ғимарат оңтүстік астанамыздың тарихы мен архитектурасынан сыр шертеді десек артық айтқанымыз емес. Сан ғасырларлық тарихты қойнауына сақтаған бұл құрылыс обьектілері енді жаңаша кейіпке енбек.
Жоба жасаушылар ғимараттың көз үйренген сыртқы бейнесін сол қалпында қалтырып, мекеменің ішкі дизайнын жаңартпақ. «Іске кіріспес бұрын түрлі кәсіп иелерінің қалау-тілектерін ескердік. Арнайы демалыс орындары, келіссөз жүргізуге арналған кабинет, қысқасы мамандардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған кеңсе жасақтап жатырмыз»,- дейді
Бұл жоба қаланың архитектуралық мұрасын сақтай отырып, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Осылайша жаңа «Республика» БО сәулет саласында тарихи мұра мен заманауи іскерлік қажеттіліктерді үйлестіруге болатынын айқын дәлелдемек.
Елзат Мұқаш, архитектор:
– Біздің қалалар кітап не картина сияқты. Былай қарап тұрсаің кезінде салып кеткен суретшінің картинасы сияқты да ескі ғимараттар. Ал біз сауатсыз бірдеңелер салывп соны құртатындаймыз. Ол ғимараттармен бізідң тарихымыз дұрыс байланысты, ұтымды көрсету үшін дұрыс жобалар жасау керек.
Кеңселерді 2026 жылдың наурызынан бастап жалға ала аласыз. Енді көз үйренген қасбеттіңғ/ғимараттың артында Алматының іскерлік болашағын айқындайтын кеңістік жасырылған.