Ауылдың баласы! Аl` Nasr су жаңа бйенеклипін көрермен назарына ұсынды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Аl` Nasr, Rafa мен Данияр Рахметжанов коллаб ұсынады. «Ауылдың баласы» деп аталатын трек шаңда аунап өскен қара домалақтарға арналады. Идея авторы Данияр Рахметжанов. Ауылдың балалары құрметіне жазылған әннің мәтіні де этно-поп королінің өз қаламынан туған.

Аl` Nasr, рэпер:

Атының өзі біраз нәрсені айтады ғой. Болашақта ауылдың жігіттерінің, ауылдың балаларының гимні болмақ.

 

Бейнебаян Түркістан облысындағы Байжансай ауылында түсірілген. Локация да бей-жай таңдалмаған екен.

Аl` Nasr, рэпер:

Режиссердің талабы бойынша, әлі жандандыру, газ кірмеген, бұрыңғы ауылдың үйлері керек болды да. Бірден Байжансайға апарды. Кезінде 7 мың тұрғыны болған Байжансайда қазір 5 отбасы ғана тұрады. Яғни, тастанды қала. Кезінде сол жерде қорғасын шығарып, ҰОС әр 9-оқ сол Байжансайда шыққан деп айтып жатады.

 

Клипте әр образға да аса мән бергенін аңғару қиын емес.

Rafa, рэпер:

Ішінде бір кадр бар. Назар ағаның мұғалім болып жүретін сахна. Сол кезінде А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин солардың стилімен түсірілген клип…

 

Этнопоп – біздің тыңдарман үшін жаңа бағыт. 2011 жылы Данияр Ахметжанов битті жыр-толғау формасында жасады. Осылайша жігіттер аталмыш жанр арқылы қазақтың толғауын қайта тірілтпекке ниеттіміз дейді.

Санжар Мәди, актер:

Көрдім, бейнебаян қатты ұнады. мен ауылда өскен бала емес, бірақ сол өңірлердің тіршілігін, олардың жеткізгісі келген вайбты сезе алдым

 

Жігіттердің бірлескен жобасы мұнымен тоқтап қалмақ емес. «Келесі трек те де өз кезегін күтіп тұр»,-дейді Rafа.

Rafa, рэпер:

Негізі көптеген әндер бар. Жақынла жарық көреді. Келесі кезекте «жол» деп аталады. Ол адам күйзелісте жүргенде жолға шығады ғой өзімен-өзі қалу жайлы..