Айдарбекова мұндай айыптауларға былай деп жауап қатты.
Гүлзира Айдарбекова, Қ. Нұртастың анасы, продюсер:
– Қазір бәрі салыстырып жатыр Заңғармен. Енді Заңғардың бірінші баласы ғой. Қайрат пен Жұлдызда 5 бала-шағасы. Бірінші болғаннан кейін басқаша болады да , енді түскен келін болғаннан кейін. Енді Жұлдыз бәрін үйреніп қойған әйел ғой..
Қысқасы, тырнақ астынан кір іздемеңіз дейді. Бұл қаңқу сөздерге Нұртас Айдарбековтің де жауабы бар.
– Рабия -Сұлтанға бармады көріспей жатыр деген қаңқу сөздер көп жатыр. Жауап бересіз бе?
Нұртас Айдарбеков, Қ. Нұртастың әкесі:
– Әркімнің айтатын әңгімесі ғой, қалай көрмеймін. Маған Рабиясы кім, Әміресі кім, Ақмөрі кім, Ханы кім мен үшін бәрібір. Өйткені, Қайрат, Заңғар, Аян бәрі менің балаларым. Cондықтан, оған ешкім басын ауыртпай-ақ қойсын. Менен жақын адам жоқ Жұлдызыңа да, Айгеріміңе де, Индираңа да.
Көптің көкейіндегі тағы бір сұрақты жолдадық.
Нұртас Айдарбеков, К. Нұртастың әкесі:
– Рабия-Сұлтанға кім есім берді? Әміреге есім беру мәртебесі кімге бұйырды?
– Рабия-Сұлтанға бұл жолы нағашылары есімін қойды. Бұған дейін 4 балаға да Гүлекең ат қойған. Нағашыларының кезегі келді деп ойлаймын.
Гүлзира ханым Рабия Сұлтанға есім беруден қағылса да, Заңғардың тұңғышына ат қоюды өз қолына алған. Кенжем Қасым деп қойғысы келгенімен бой бермедім дейді. Қашаубаевтай әлемді мойындатсын деп ырымдаса керек, немересін Әміре деп атапты.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
– Негізі біздің Заңғар таңдауы бақсаша ғой. Ол келісе қоймайды. Сол себепті, ұзақ таңдатты. біраз есімдерді айттым жоқ ұнамайды, оның айтқандары маған ұнамады… Кейін перзентханадан шығатын күні айттым.