Талай таптаурындарды бұзған «Ninety One» тобына 10 жыл! Айтулы датаны асыға күткен Eagles-дың керемет кештен дәмелі екені сөзсіз. Жігттер тыңдарманын қалай қуантпақ? Экс-продюсері Ерболат Беделхан шәкірттеріне неге ренжулі?
Шоу-бизнесті шулатып, тыңдарман санасында сілкініс жасаған «91» тобының құрылғанына биыл 10 жыл. Бір жылдары сахнадан кетсін деп атойлап, кештерін кейінге шегеруге барын салғандар қазір мемберлердің мерекелік концерттерін асыға күтеді. Хейт те азайған. Фанаттар ән салу стилін де, образдарын да қабылдағанын аңғару қиын емес.
АСЕ, «Ninety One» тобының мембері
- Тыңдарман, Eagles үлкен кеш күтіп жатыр. Бұл рас. Не дайындап жатырсыздар? Не күтеді..
- Шыны керек, 10 жылдыққа айтар ештеңем жоқ. Біз әлі сөйлеспедік. Биыл түк жоқ десең, балалар жан-жақтамыз. Бірдеңені уәделесіп істеуге асықпаймыз.
Себебі айтқан соң соң істеу керек. Асығып, апыр топыр істеп қойсақ, сосын көңілден шықпай қалса эмоциональный не болады деп қаламыз. Бізге жиналып шешім қабылдау бір-ақ күн.
Q-pop корольдері 2 жыл демалыстан соң камбэк жариялап, Eagles-ды «YA YА» әнімен қуантты. Енді көптен күткен кештің күнін хабарлап сүйіншілетер ме десек серілер асығыс емес сыңайлы. «Қаржы да мәселе емес, бас қоссақ шешілмейтін түйін жоқ», - дейді топ мүшесі Азамат Ашмақын.
АСЕ, «Ninety One» тобының мембері
- Тым болмаса сөйлесіп «жігіттер, кездесейік, жолығайық, осы мәскелені талқылайық» деген әңгімелер болды ма араларыңызда?
-Қалай айтсам болады...
-Әлде сен тимесең мен тиме деп тыныш жүрсіздер ме?
-Контенттер бар жаңа жылға дейін шығатын, ол жайлы келесіде айтармыз. Жұмыс жүріп жатыр. Кіріскен соң тиянақты кіріскенді жақсы көреміз да. Бізге керегі жиналыс.
АСЕ концертке қатысты қалауларын тізіп шықты. Бойз-бенд бұл жолы стадионды толтыруға ниетті екен.
АСЕ, «Ninety One» тобының мембері
- Келесі концертте жаңалық істеуге тырысатындай ниеттенеміз. Осы бұйыртса стадионда да беруге тырысу керек екен. «Алматы Аренада» неше жыл беріп келе жатырмыз. Ашық алаңда дәу, 30-40 мың адамдық жерде неге бермеске..
Еске салсақ, 2022 жылы Ерболат Беделхан «91» тобымен арасындағы келісім-шартты бұзып, топтың тізгінін босатқан еді. Десе де өнер айдынында өзі жетектеген жігіттердің қазіргі үнсіздігі экс-продюсерлеріне де ұнамаған сыңайлы.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Олар ересек болды, үйленді, әке атанды. Тағдырлары өз қолында: хабарласып ақыл сұраса айтам. Бірақ қазір бүкілін өздері істейді. Негізі дұрыс айтасыз. Үлкен дүние жасалуы тиіс. Балдар, естіп тұрсындар ма жасалуы тиіс.
Бұл үнденуден соң бей-жай жатқан жарамас, жігіттер. Іске сәт!