Айгерім Шағатай, тілші:
Бүгін біз «Руың кім?» фильмінің жабық көрсетіліміндеміз. 1 ғана локацияда, 9 күн таспаланған бұл фильм киноиндустрияда бәсекеге төтеп бере алады ма? Жауабын бірге білейік.
Фильм Бағдат пен Сая есімді қос ғашықтың махаббатынан бастау алады. Олардың ата-аналары руға бөлінгендіктен, әкесі қызын басқа рудан шыққан жігітке тұрмысқа беруге қарсы болады. Туындыда құдалардың рөлін танымал әзілкештер Жанболат Найзабаков пен Қайрат Әділгерей , ал құдағилардың рөлін Лаура Мырзахметова мен Айнұр Ілиясова сомдайды.
Лаура Мырзахметова, актриса:
– Сол қалыптасып кеткен стреотипті бұзу мақсатында, осы бөлінбеушілік , қазақ рудан құралады деген ұранмен осы фильмді арнайы түсірді. Бізде трайбализм бар ғой, соны құрту ғой басты мақсаты. Қазақ – қазақ болып қалу керек.
Фильмді түсіру кезінде уақыт және локация жағынан шығармашылық ұжым үшін ұтымды болғаны сөзсіз. Ал, актерлық кастқа ше?
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Негізі локация біреу болғандықтан , және бұл кино , бұл жағдай, бұл сценарий бір дастархан төңірегінде болғандықтан, бұл қиын болмады. Енді , әрине анда барып, мында барып, әртүрлі локацияда түсу жақсы, қызық. Бірақ, қыстың күні жылы үйде отырған да жаман емес. Сондықтан, біз үшін қиын болды деп айта алмаймын.
Айта кетейік, күлкі корольдері Қайрат Әділгерей мен Coco Zhanbo алғаш рет бұл туындыда бірге бой көрсетті. Алайда, Жанболат мырза түсірілім алаңы кезінде өзіндік қиындықтар болғанын да тілге тиек етті.
– Бір локацияда түсіру шығармашылық еркіндік әкелді ме, әлде бұл бір қысым ба?
Жанболат Найзабеков, актер, кинопродюсер:
– Қысым ғой, негізі. Бір күн, екі күн өткеннен кейін ол жерде таусылады. Содан кейін біз енді өзіміздің ойымыздан, отырған жерімізден тұрып кетіп, төбелесіп, аяқ асты домбырамен өлең айтып сондай бір иммпровизацияларға бардық.
– Ал, өміріңізде қызықты сәттер болды ма, әлде бір кикілжіңдер осы руға қатысты? Мүмкін бір көмектесіп жіберген кездер?
– Бір рет Ақтауда кетіп бара жатқан кезімде көліктен бір МАИ қызметкері ұстап алып, «Ей, Адай інім екенсің. Мен сені ұстамай-ақ қояйын» -деген, сәттер де болды.
Ал ғашықтар рөлінде жас актерлер Айбек Әзімбек Мерей Мақажан мен. Аталмыш картина әлі күнге дейін академия қабырғасында оқитын Мерей Мақажанның үлкен экрандағы дебюты.
– Арамызда қалсын бәрі деп алдыңғы жолы айтқан екенсіз. Айбекпен араларыңызда химия бар ма? Соған енді жауап беретін сәт туған сияқты.
Мерей Мақажан, актриса:
– Иә, негізі ол сөз хайп үшін айтылған болатын. Ал, арамызда тек қана осы өнердегі достық деп айтсам болады.
Айбек Әзімбек, актер:
– Бір рет үйленіп алдық уже десең ия. Қалжыңдайм, Мерейдің өз жұбы, менің өз жұбым бар. Біз тек кинода жас отбасыны ойнаймыз.
Трайбализм тақырыбын көтерген бұл фильм көптің көңілінен шыққан сыңайлы. Фильмді алғашқы болып тамашалаған көрерменнен лента туралы пікірін сұрап үлгердік.
Көрермен пікірі:
– Негізі киноның идеясы өте мықты болып тұр. Әрине, Жанболат, Қайрат, Лаура бәрі мықты.
– Жәкең мен Қайрат Әділгерей енді ол кісілерге сөз жоқ. Бәрібір екеуінен көп нәрсе күттік. Күткен нәрсені берді!