Эксклюзив! Зируза да камбэк жариялады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шығармашылықтан қол үзген кіл мықтылар шет-шетінен камбэк жариялауда. Алуа Қонарова, Мақпал Исабекова, Айдана Меденова, Камшат Жолдыбаева бастаған тізімді енді Зируза жалғамақ. Музыкант бірер күн бұрын «мен оралдым»,- деп мәлімдеме жасады.

Ziruza, музыкант:

Жоспар тек ән шығарып, муд видео түсіріп, қайтадан екінші толқынға ілесіп кету керек. Тек қана еңбк. Еңбекпен бірнарсе жасармыз.

 

Loyals-тардың көкейіндегі басты сауалды жолдадық. Көп көзінен тасада қалған Зируза 5 жыл қайда болды?

Ziruza, музыкант:

Менде шығармашылық ізденіс болды біріншіден, екіншіден демалғым келді. Бір жағынан өзім жалғыз жұмыс жасағандықтан оңай емес, арасында ән шығарып жүрдім. Енді қазір үлкен ауқымды камбэкпен келейін деп тұрмын.

 

Зируза шығармашылыққа білек-сыбана кіріскен. Қазір жаңа әндер жазып, репетуарын толықтыруда. Бұлай істемесіне шара жоқ. Себебі ел білетін, өзі орындаған әндерін орындау құқынан айырылған. Естеріңізде болса, экс-Продюсері Ерлан Алимов келісімшарт аяқталған соң тректерді өз қоржынында қалдырған еді.

Ziruza, музыкант:

Дайындық күшті. Ол әнді қыста битіп жатып жатып ойыма біржен келген мәтін бар еді, соны біраз ойландым 1-2 ай, бірақ жүрегім соған тоқтады. Мүмкін муд-видео түсіріп қалармын. Әннің аты әзірге «себепсіз» деп ойлап тұрмын.

 

Атағы дүркіреп тұрған шақта Зирузаны жанкүйерлері Q-pop ханшайымы деп атайтын. «Осы бағытта танылғаным рас, бірақ енді түрлі эксперимент жасап, жаңа жанрларда ән ұсынамын»,- дейді ару.

Ziruza, музыкант:

Менің ойымша ол жанр дамып жатқан жоқ, өзім бірақ жақсы көремін ол жанрды. Бірақ, әрі қарай басқа жанрды көру керек сияқты. Мәселен, латино, афро, кішкене ырғақты әуендерге көшкім келеді. Себебі, сахнада халықпен билегім келеді.

 

Зируза қазір өзі би, өзі қожа. 7 жыл продюсердің қарамағында жұмыс істеген музыкант бұл жолы шоу-бизге жалғыз аяқ басты. Десе де сөзіне қарасақ, жақсы мамандардың ұсынысынан бас тартпайтын сыңайлы.

Ziruza, музыкант:

Кімнің қандай ұсынысына байланысты. Бірақ, жоқ. Өзіме ыңғайлы, жүре беретін сияқтымын, менде команда бар. Жұмысым тезірек болады. Әркім өз жұмысын жасайды. Команда болғаны жақсы ғой, жақында күшті дүниелер шығады.

 

Қазір көп айтылмағанымен, бір кездері музыканттың жеке өмірі де қызу талқылауда болған. Сол жылдары оны 91 тобының мемберімен кездеседі деп болжағандар да аз емес.

Ziruza, музыкант:

Күндердің бір күні болар, әзірге тек қана жұмыс-жұмыс жұмыс.

 

Қысқасы, Зируза ақ келін атануға асығыс емес. Қазіргі мақсаты – қайта танылу. Көп күткен тыңдарманына хит ұсыну. Ендеше сәттілік серігіңіз болсын.

 

Автор: Д. Қыдырбек