Жанель Мақажан осы видеоны инстаграм парақшасына жүктеген сәттен бастап, оқырман оны құдағи болуға дайындалып жүр деп болжады. Бір тарап актрисаны құттықтай жөнелсе, екіншісі өнер иесінің қызын әлі кішкентай екенін алға тартты. Ал біз болсақ, бұл жағдайдың мән-жайын білмекке ұмтылдық. Нәтижесінде.
Жанель Мақажан, актриса:
– Бұл негізі тойға дайындық емес. Бұл өзім қыздарға ұзату әнін дайындаған болатынмын. Мен ол жалпы ұзату әнін жазып жатқан кезде қызымды ұзатып жатқандай сондай бір сезімде болып, біраз көзіме жас алған кезім болды және иә комментарийге жазғанда көбінде «Өте кішкентай қыз ғой. Қалай беріп жатсыздар? Жүректеріңіз ауырмайды» деген сияқты жазып жатады.
Бұл бейнетаспаны көргенде анасы көз жасына ерік берген. Ал әкесі болса:
Жанель Мақажан, актриса:
– Әбекенің негізі жүрегі ауырыңқырап мынандай қалай болады екен? Жаңағы видеоны көргенде жүрегі елжіреп сондай, шынымен де қызымызды ұзатып жатқандай бір сезімде болды.
Егер актрисаның мақсаты көрерменнің назарын аудару болса, көздегені орындалды десек те болады. Иә, Жанель ханым қызын тұрмысқа беруге дайын емес!
Жанель Мақажан, актриса:
– Қызым әлі кішкентай. 17-де. Ол әлі өседі, өнеді. Оқуы бар дегендей. Өзімен көптеген жұмысы бар. Тұрмысқа шығуға әлі асықпайды. Өйткені өзінің дамуы өзіне қызығырақ десем болады.
Иә, жас қыздың әкесі мен анасы тұрмақ, ата-әжесінің де қимайтыны айдан анық. Айта кетейік, Жанель Мақажанның қызы бүгінде жас түлек атануға дайындық үстінде.
Жанель Мақажан, актриса:
– Негізі енді біз профессияны таңдағанда да, енді жар таңдауда да қарсы болмаймыз деп ойлаймын. Өйткені әр адам өзінің қалауымен, өзінің жүрегіне құлақ асатын болса онда бақытты болады деп ойлаймын.
Автор: Ш. Құсаинова