Ақпараттық хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын НТК арнасында орналастыру мақсатында «Независимый Телевизионный Канал» ЖШС-нің теле эфирінде ұсынудың жалпы шарттары.

Осы арқылы «Независимый Телевизионный Канал» телеарнасының меншік иесі болып табылатын «НТК » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – НТК) 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) орналастыру үшін НТК эфир уақытын беру құны, шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлауалды үгіт партиялық тізімдерді Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күні алдындағы күннің жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты үгіт материалдары НТК эфирінде 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден бастап 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін орналастырылады.

НТК эфир уақыты қолда бар техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып беріледі, яғни үгіт материалдарын жоспарланған уақыт аралығында орналастыру үшін эфир уақытының болуы немесе болмауы назарға алынады.

Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру үшін эфир уақыты бейнероликтер және өзге де үгіт материалдары түрінде ұсынылады.

Бейнероликтерді орналастыру құны қосылған құн салығын (ҚҚС) 16 % мөлшерінде қоса есептегенде минутына 200 000 (екі жүз мың) теңгені құрайды. Бейнероликтің ұзақтығы 60 (алпыс) секундтан аспауға тиіс.

Орналастыру құны НТК арнасының барлық қолжетімді тарату орталарындағы трансляциясы мен ретрансляциясын қамтиды, атап айтқанда:

  1. эфирде аналогтық хабар тарату;
  2. эфирде цифрлық хабар тарату;
  3. спутниктік хабар тарату;
  4. телерадио хабарларын тарату операторлары арқылы тарату;
  5. интернет желіде онлайн хабар тарату.

Жасалған шарт бойынша ақы төлеу НТК меншік иесі ұсынған төлем шоты негізінде, шот ұсынылған күннен бастап банк жүйесіне сәйкес 5 (бес) күн ішінде, НТК меншік иесінің банктік деректемелеріне аудару арқылы жүзеге асырылады.

Эфир уақытын беру тәртібі:

Эфир уақытын беру НТК арнасы мен партиялық тізімді ұсынған саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалатын шарт негізінде және арна ұжымы бекіткен кестегесәйкес жүзеге асырылады.

Кестеге сәйкес үгіт-насихат материалдарын қабылдаудың бірінші күні әзірленеді және үгіт материалдарының эфирге шығуы жоспарланған күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

Үгіт-насихат материалдары Серіктестікке қазақ және/немесе орыс тілдерінде, дайын түрде, шартта көзделген мөлшерде ұсынылады және Серіктестікке сайлауалды үгіт жүргізуге мүмкіндік беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылуы тиіс. 

Эфир уақытын беру туралы шарт жасасу үшін партиялық тізімді ұсынған саяси партияның уәкілетті тұлғасы НТК меншік иесінің басшысының атына жазбаша өтініш береді.

НТК меншік иесінің мекенжайы: Алматы қаласы, Юрий Померанцев көшесі, 1, 4-қабат (қабылдау бөлмесі). Өтініштер 2026 жылғы 20 шілде мен 2026 жылғы 17 тамыз аралығында (қоса алғанда), демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 10:30-дан 17:00-ге дейін қабылданады.

Факс арқылы байланыс немесе деректерді беру желісі арқылы жіберілген өтініштер қабылданбайды. Өтініштер партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен тіркеледі. Әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беріліп, оның келіп түскен күні көрсетіледі.

Үгіт материалдарының ұзақтығы, саны, оларды орналастырудың болжамды күні мен уақыты жазбаша өтініште көрсетіледі және кейіннен шартта бекітіледі.

Үгіт материалдарын тапсырған кезде сенім білдірілген тұлға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін көрсетуге міндетті.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

    1. партиялық тізімді ұсынған саяси партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    2. партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сенім білдірілген тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
    3. шарт жасасуға уәкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын НТК эфирінде орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай белгіленеді. Егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезектілік жеребе тарту арқылы айқындалады. Жеребе тартуды өткізу тәртібі мен шарттарын НТК меншік иесі белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен кезде сұратылған эфир уақыты бұрын өтініш берген басқа саяси партияға берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты оны беру мүмкін болмаса, НТК өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға үгіт материалдарын орналастыру үшін өзге эфир уақытын ұсынады.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі:

Үгіт материалдары эфирге шығуы жоспарланған күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын НТК меншік иесіне мынадай материалдық қажеттіліктер ұсынылады: Хард диск (HDD), USB 2.0 немесе USB 3.0 флеш-жад құрылғысы немесе FTP сервері арқылы, төмендегі техникалық талаптарға сәйкес.

HDD немесе флеш-жадтың файлдық жүйесі: NTFS немесе FAT32.

  1.  

 HD форматтағы роликтер үшін;

container: MXF, MOV

codec: XDCAM HD 50 Мбит/сек либо ProRes422

profile 4:2:2

frame rate: 25

frame size: 1920 x 1080

interlacing: upper  

 

   SD  форматтағы роликтер үшін;

 

container: AVI, MXF, MOV

codec: Microsoft DV, IMX50

profile 4:2:0 или 4:2:2

frame rate: 25

frame size: 720 x 576

aspect ratio: 16:9

interlacing: для DV lower, для IMX50 upper

  ·  Audio:

audio: Stereo

bits: 24

sample rate: 48000

codec: uncompressed

Audio level: -18 db

Dynamic Range: 20 dB

 

  1.  (титр аймағы, титрлерді орналастыру орны) – экранның шеттерінен белгілі бір қашықтықта орналасқан, мәтінді бұрмаланусыз көрсетуге мүмкіндік беретін аймақ.
  2.  

 

Титрлердің рұқсат етілген аймағы

 

Тік

          Көлденең

16:9

5,0%

10,0%

 

 

Үгіт-насихат материалымен бір мезгілде үгіт материалдарында бейнесі пайдаланылған адамдардың жазбаша келісімдері, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша келісімдері ұсынылады. Егер үгіт-насихат материалдарында кәмелетке толмаған балалардың бейнесі пайдаланылса, олардың ата-аналарының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімі ұсынылуға тиіс.

Үгіт материалдарында олардың төленгені және қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат қамтылуы тиіс.

Серіктестік үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Республиканың тұтастығына нұқсан келтіру, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни алауыздық тудыратын идеялар, таптық және рулық өшпенділік, қатыгездік пен зорлық-зомбылық, сондай-ақ заңда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруды көрсе заңда көзделген басқа да негіздер бойынша қабылдаудан бас тартуға құқылы. 

Серіктестік үгіт-насихат материалдарында өзге депутаттыққа кандидаттардың немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, оны беруден бас тартуға құқылы. Депутаттыққа кандидат немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партия Серіктестік талабы бойынша үгіт материалдарындағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Депутаттыққа кандидат немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партия үгіт-насихат материалдарына, олардың мазмұнының Қазақстан Республикасының, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ тиісті келісімнің талаптары бұзылған жағдайда үгіт-насихат материалдарын орналастыру жүргізілмейді немесе кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатылады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

 

Бас директор
«Независимый Телевизионный Канал»  ЖШС                                              О.В. Ферхо