Топ туралы

EQ - бұл адамның бойындағы эмоцияны басқара алатын қасиет (Emotional Quotient немесе Emotional Intelligence) Эмоционалдық интеллект, яғни әртүрлі бояудағы эмоцияларды толыққанды тани алатын, өзінің және өзгелердің іс-әрекеттері, мотивациялары мен армандарын басқара алатын адамның бойындағы қажетті элемент Музыка бұл эмоцияға толы ұлы толқын. Музыка толқыны арқылы EQ жобасы өзінің тыңдармандарына әр түрлі сезімге толы эмоция сыйлауға дайын. 2018 жылдың 18 шілде айында "GG Production" продюссерлік орталығымен құрылған алғашқы 2 жігіттен тұратын қазақстандық Q-POP жоба. 
Продюссер: Динара Усенова.
Құрамында:  Qazmagambetov Samat @qs_tiko пен Quandyq Eskeldi @q1esko

 

Шын есімі: Қуандық Ескелді Абдулмансұрұлы 
Лақап аты: Esko 
Топтағы орны: Рэпер, вокалист, композитор, биші
Туған күні: 19/01/1993 
Зодиак белгісі: Тауешкі 
Бойы: 176 см 
Салмағы: 70 кг 
Туған жері: Ақтөбе облысы, Шалкар қаласы
Хобби: "Менің xоббиім менің жұмысыма айналды" 
Отбасы: Ата-анасы, ағасы және көптеген туыстар) 
Тілдер: Казақ, орыс 
Сүйіп тыңдайтын әншісі: Eminem

Кейбір деректер:
— 2009 жылдан бастап рэп пен музыкаға әуестене бастады, әртүрлі интернет баттлдарға қатысып, белгілі орындарға ие болған. 2014 жылы музыка мен тәжірибелі түрде айналысып, ән шығара бастаған. 
— Дебютке дейін K-TOP IDOLS жобасына қатысқан.
— “EQ” жобасының композиторы және мәтін жазушысы. 

 

 

 


Шын есімі: Қазмағамбетов Самат Саматұлы 
Лақап аты: Tiko 
Топтағы орны: Вокалист, рэпер, хореограф, биші 
Туған күні: 16/01/1996 
Зодиак белгісі: Тауешкі 
Бойы: 173 см 
Салмағы: 59 кг 
Туған жері: Атырау қаласы Хобби: Видео блог youtube channel, жүзу, би. 
Отбасы: Анасы, ағасы, әпкесі. 
Тілдер: Казақ, орыс. 
Сүйіп тыңдайтын әншісі: G-Dragon

Кейбір деректер:
— 2005 жылдан бастап биге және брейк дэнске құмарта бастады, ауқымды көшелік фристайл-баттлдарға қатысқан. 2009 жылдан бастап хип-хоп биімен тәжірибелі түрде айналысты.
— Қазақстандағы алғашқы жас видеоблогер, сол арқылы Youtube арнасынан өзінің табысын таба бастаған.