Ninety One тобы мен НТК телеарнасынан кезекті тосынсый

Сообщить о проблеме с эфиром

        Ninety One тобы мен НТК телеарнасы сіздер үшін кезекті тосынсый дайындауда!  
       Ертең бойзбенд Оңтүстік Корея астанасы – Сеул қаласында жанкүйерлерімен кездесуін өткізетін болады. Мұның бәрі тектен-текке емес, себебі жақын арада Ninety One тобының қатысуымен НТК телеарнасында реалити-шоу жарық көреді! 
       Егер сәтіңіз түсіп, Сеул қаласында болсаңыз, мекен-жайды жазып алыңыз:  Student Union Building of Sejong University (학생회관 대공연당 B1)! Кездесу барысында сүйікті әншілеріңізге сұрақтарыңызды қойып, альбом ұтысына қатысып, жақсы көретін əндеріңізді тыңдауға мүмкіндік туып отыр! Егер де сәті түспесе, қапа болмаңыз!  Себебі бұл кездесу және тағы басқасы  - көп ұзамай НТК арнасының жаңа жобасында!  Жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар!