MM Entertainment ұйымдастырған «Winter Party» енді Астанада

Сообщить о проблеме с эфиром

  MM Entertainment сіздерді 14 қаңтар күні Астанада көптен күткен «Winter Party» атты кешіне шақырады! Көрермендердің сұрауы бойынша компания әртістері астаданамызда өнер көрсетеді. Кештің басты қонақтары – MadMen, Crystalz, MadNees және MSweet топтары. Көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы әсер алғыңыз келсе, сонымен қатар сүйікті әртістеріңізге қолдау көрсетем десеңіз, міндетті түрде келіңіздер! 
    Естеріңізге сала кетейік,  23 желтоқсан күні Алматы қаласында MM Entertainment ұйымдастырған «Winter Party» атты жаңа жылдық кеш өтті. Шараның басты қоңағы MadMen тобы болды, бойзбендтің өнер көрсетуін сайтымыздан тамашалай аласыздар.