MadMen тобы жылдық есеп концертін берді

Сообщить о проблеме с эфиром

        Өткен сенбі күні Алматы сауда орталықтардың бірінде MadMen бойзбенді жылдық есеп концертін берді. Концертке жиналған жанкүйерлер сүйікті әншілерін тағатсыздана күтті. MM Entertainment тобының әртістері кеште өздерінің үш әнін орындады: «Бері жақында», «Бір қадам» және «Бас кетеді».  
        Рахат Масақбай, MadMen тобының мүшесі: 
        - Бұл жыл негізі біз үшін қиын да оңай өтті. Бірақ өте аз уақыт ішінде жақсы нәтижелерге жеттік деп ойлаймын.  Хэйтерлермен, адамдармен, кейбір фан-домдармен түсініспеушіліктер болды. Ол бізді сындырмайды негізі. Бірақ біздің топта басқа ұлттың адамдары бар деген сияқты түсініспеушіліктер болды. 
        Жігіттердің өнер көрсетуі ойдағыдай өтті. Кешке келген көрермен сүйікті әншілерімен қоштасуға асықпады. Ал концерттен кейін суретке түсіп, қолданбасын алуға асыққан жанкүйерлердің саны жетерлік болды.  Жігіттердің өнер көрсетуін біздің сайтымыздан таба аласыздар.