Newton көсбасшысы топ құрамынан шықты

Сообщить о проблеме с эфиром

        Бүгін кешке белгілі "Newton" тобының солисті Аян Бекзатхан жанкүйерлерін таңқалдырды!  Бірнеше сағат бұрын Newton көсбасшысы топтан шыққаны туралы мәлімдеді. Бұған не себеп болғаны белгісіз, алайда жаңа құрылған 88 Entertainment-тың инстаграм парақшасында экс-солист өз жанкүйерлеріне бейнежолдау жариялады. 
        “Кеш жарық, Powers!  Қалың қалай? Егер де көңіл-күйін көтеріңкі болса, алдын ала кешірім сұраймын. Өйткені жағымсыз хабар айтуға мәжбүрмін. Өзімнің шешімім бойынша және Newton-дық достарымның қолдауларының арқасында топтан кетемін деп шештім, бірақ өнерден емес! Егер менің жеке шығармашылығым сізге қызықты болса, менің жеке инстраграм парақшама қосыл! Мен сіздерді жақсы көремін! Қызықтың бәрі алда! Көріскенше”.
       88 Entertainment басшылығы бұл жөнінде ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.