«91 TV» реалити-шоуына ең үздік фан-постер байқауы

Сообщить о проблеме с эфиром

        НТК арнасында Ninety One реалити-шоуын тағатсыздана күтудесіздер ме? Санаулы күн қалды! Ал біз «91 TV» қарсаңында реалити-шоуға ең үздік фан-постер байқауын жариялаймыз! Сондықтан да фотошоп, коррел дро, пэинт пен мольберттеріңізді дайындай беріңіздер! Кәсіби портфолиоңызды НТК арнасының ресми сайтында жарияланытын плакатпен жаңарта аласыз! Мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыздар!  
      Байқау шарттары қарапайым: «91 TV» реалити-шоуына плакат жасап (референс төменде), өзіңіздің инстаграм парақшасында жариялаңыз. Міндетті түрде #91TV және #конкурсНТК хештегін жазуды ұмытпаңыздар. Жұмыстар 15 ақпанға дейін қабылданады. 
    Ең үздік жұмыстарды Ninety One анықтап, сайтымыздың Q-pop бөлімінде жарияланатын болады. Ал жеңімпаздың жұмысы сайтымыздың басты бетіне жарияланады! Сәттілік!