MadMen тобымен бірге Жаңа жылды қарсы алғың келеді ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

         MadMen тобымен бірге Жаңа жылды қарсы алғың келеді ме? Ия-ия, жаңа жылды! Себебі жақын арада ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл келеді! Сүйікті тобыңызға бір қадам жақын болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. 17 ақпан күні сағат 15:00 У. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында MadMen бойзбенді өнер көрсетеді.       

       Мерекелік іс-шарада сондай-ақ Алматы қаласының корей ұлттық орталығының шығармашылық ұжымдары мен Мемлекеттік республикалық кәріс музыкалық комедия театры әртістері өнер көрсетеді. Сонымен қатар, балаларға арналған бағдарлама, көптеген қызықты байқаулар сізді күтіп тұр. Ал егер кәріс ұлттық киімін киіп келсеңіз, сыйлыққа ие боласыз. MadWave, кәріс жаңа жылын сүйікті тобыңызбен бірге қарсы алу үшін келіңідер!