Ninety One тобымен бірге жаңа байқау жариялаймыз

Сообщить о проблеме с эфиром

    НТК арнасы Ninety One тобымен бірге мега-байқау жариялайды! QG 91 брендінің сыйлығын ұтып алғың келеді ме? Ендеше мүмкіндігіңді жіберіп алма! Байқау шарттары қарапайым:  "91 TV"  реалити-шоуының алғашқы көрсетілімі кезінде дүйсенбі-бейсенбі күндері экранда сандар көрсетілетін болады. Сіздің міндетіңіз – оларды тауып (дүйсенбі-бейсенбі күндері экранда  көрсетілетін), бір-біріне қосып есептеу! Өзіңіздің нұсқаңызды апта шығарылымы біткен соң, яғни, бейсенбі күнгі эфирден кейін осы жазбаның астында қалдырсаңыз болады. Ол үшін міндетті түрде сайтқа кіру немесе тіркелу керек! Айтпақшы, өзіңіздің инстаграм аккаунтыңызды жазуды ұмытпаңыздар, әйтпесе жеңімпазды қалай табамыз?
     Мысалы, 23+14+25+23=85  Өз ңұсқаңызда шыққан қосылғышты, яғни соңғы санды жазасыз! Жауабы: 85!   
     Тапсырманы ең бірінші болып орындаған адам QG 91 брендінің киімін ұмыт алады! Ал, Шерлок-Eaglez, дайынсындар ма?  Байқау 26 ақпан күні басталады! Әркім жеңіске жете алады! Сондықтан дүйсенбі-бейсенбі күндері НТК арнасында сағат 23:00 «91 TV» реалити-шоуын жіберіп алмаңыздар! Сәттілік!