Ninety One мини-альбом шығарып, Қазақстан бойынша тур ұйымдастырмақ

Сообщить о проблеме с эфиром

     Eaglez, сүйінші! Ninety One тобы қуанышты хабармен бөлісті! 
      JUZ Academy Орталығы ашық есік күнін  өткізді. Қонақтар қатарында Ninety One тобы болды. Ninety One тобы:
- Біз әрдайым жаңа адамдарға, жаңа білімдерге, көптеген жаңашылдықтарға ашықпыз. Өзіне достар іздейтін адамдарға бұл жер ашық. Өнер жайында көзқараспен алмасу мақсатында жасалған кішігірім күн. 
      Жігіттер Q-pop бағытында өз бағын сынап көретін болашақ әртістерге де бірнеше кеңес беріп үлгерді. Ninety One тобы:
- Әрдайым ізденісте болайық. Себебі q-pop әзірге демо. Сол себепті біз ізденісте болу керекпіз. Бірақ ізденіс шынайылықпен болуы керек. Әркім өзіне және басқаға деген кез келген көзқараста шыншыл болуы керек.
Үндіздікке кеткен бойзбенд уақыттарын демалумен емес, ән жазумен өткізіп жатқан көрінеді.  Ninety One тобы:
  - Үнсіздік альбом жазумен өтті. Қазір мини-альбом дайындап жатырмыз. Мини-альбом ішінде бірнеше өлең болады. Сол өлеңдерге дайындық жүріп жатыр. Жақында Қазақстан бойынша тур болады. 
     Жаңа альбомның негізгі атауы – Dopamine. Жігіттер бақытқа итермелейтін мотивациялық гормонды жаңа мини-альбомның негізіне алған көрінеді. Ninety One айтуы бойынша, жаңа жұмыс «Aiyptama» мен «Qarangy-zharyq» альбомдарынан мүлдем бөлек, ерекше болмақ. Ninety One тобы:
   - Біз өзгеріске ұшырап отырғандықтан, әрдайым өзіміздің дәл қазіргі уақыттағы әңгімемізді айтқымыз келеді. Яғни, ешқандай да бір ойдан туылған, өтірік әңгіме жоқ. Сондықтан біз өзгеріп отырғандықтан, біздің өлеңдер де өзгеріп отырады. Қазіргі біздің қалпымыз – ол дофамин. 
    Сонымен қатар, бірнеше бейнебаян түсіру жоспарланған. Мини-альбом, Қазақстан бойынша тур және бірнеше бейнебаян! Eaglez, керемет емес пе?  Ал сіз бойзбендті тағатсыздана күтудесіздер ме? 


     #нтк #ninetyone #eaglez #bala #ace #zaq #az #alem #forever91 #нтк91 #тольконаНТК #juzent #эксклюзив #91TV #NinetyOne91 #91TV