Q-pop өкілдерінің қайсысы жанды дауыспен айтуды талап етеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

    1 шілде күні YB Entertainment q-pop орындаушыларының басын қосып,  "Q-pop League” атты концерт ұйымдастарды. Аталмыш іс-шараға продюсер Есболат Беделхан заманауи бағытта ән шырқайтын барлық q-pop орындаушыларын шақырды.  Басты талап – жанды дауыспен ән айту.  Кеш барысында сахнада өнер көрсеткен орындаушылардың қатарында  BlackDial, Moonlight, Malika YES, MadMen, CrystalZ және Riza болды. 
    BlackDial тобы: 
   - Бүгін өтейін деп жатқан іс-шара -  «Q-pop League”  деп аталады. Барлық кью-поп өкілдері бірігіп, осындай q-pop бағытындағы өнерімізді ұсынайын деп отырмыз. Осы уақытқа дейін айтқан әндеріміздіс ұсынамыз. Және де осы  «Q-pop League” бір жаңа әнімізді шырқайтын боламыз. 
     Алайда өнер көрсеткен қонақтардың қатарында белгілі Ninety One, Зируза мен Newton болған жоқ. Есболат Беделханның айтуынша, олардың барлығы да шақырылған. Алайда белгілі бір себептермен келе алмады деп мәлімдеді.
     Moonlight тобы:
    - Бүгінгі өтіп жатқан "Q-pop League”-ны  ұйымдастырып отырған Есболат ағамыз. Есболат ағамыз бізді шақырды қонақ ретінде өнер көрсетуге. Біз қуана келістік. Дайындалған жоқпыз.  Бүгін келдік өнер көрсетуге. 
Кеш барысында өнер көрсеткен барлық q-pop өкілдері жанды дауыспен ән шырқады. Орындаушылар әндерін қаншалықты жиі жанды дауыспен айтады деп ойлайсыз?
    Moonlight тобы:
     - Жалпы, Moonlight тобы әрқашан да, әр уақытта жанды дауыс үшін күреседі. Біз әрқашан да тырысамыз жанды дауыста орындауға, оны талап етеміз. Бірақ кейбір жерлерде Қазақстанда ондай мүмкіндік жоқ. Бес микрофон немесе жанды дауыс естілмейді. Яғни, профессионалды тұрғыда емес. Сондықтан ол жерде «плюспен» орындау керек болады. Біз ондай жерлерден бас тартуға тырысамыз. 
    Есболат Беделхан: 
     - Сіздер көп емессіздер. Сіздер 3-4 адам келсеңіздер де, осы концерт өтуші еді. Осындай концерт болу керек. Адам жоқ болса да, осындай концерт өтуші еді.  Неге? Өйткені музыка дамуы керек.  Q-pop дамуы керек! 
    Ал сіз осындай заманауи қазақ поп-музыкасының жанашыры Есболат Беделханды қолдайсыз ба?

#BlackDial #Moonlight #MalikaYES #MadMen #CrystalZ #Riza  #MadNess #Qpop #ntkqpop