Moonlight тобы продюсерімен не себепті қош айтысты? 

Сообщить о проблеме с эфиром

    Q-pop өкілдерінің продюсерлерді жиі ауыстыруы тансық жағдай емес.  Жаңа бағытта ән шырқайтын әншілер табыс көзіне айналуы қиын болып тұрған секілді. Продюсермен жұмыстарын тоқтатқан әншілердің қатарын Moonlight тобы толықтырды. Квинтет Асанали Естиярмен не себепті қош айтысты?     

Moonlight тобы: 
    - Асанали Естиярмен жұмыс істеуді үзген себебіміз – ол кісі басқа жұмыстармен айналысатын болды. Біз солай келісіп, ол кісінің батасын алып, жұмысты ары қарай өзіміз жалғастыратын болдық. 
    Иә, бастысы продюсердің батасын алып, жұмысты жалғастыру емес пе?  Қазіргі таңда жігіттерге қол ұшын созған - белгілі қазақстандық сәнгер  Айнұр Тұрысбек екен. 
    Moonlight тобы:  

-  Бізде қазір ешқандай продюсер жоқ. Өзіміз бүкіл заттарға жауап беріп, өзіміз жасауға тырысып жатырмыз. Көмектесіп жатқан  - дизайнер Айнұр Тұрысбек. Сол кісіге үлкен рақмет.
    Айтпақшы, продюсерсіз де керемет өнер көрсететін бұл ұжым сахнаға күзде оралмақ.
    Moonlight тобы:  
 - Comeback бізде күзде болады. Бізде жаңа альбом. Көбісі q-pop-тың әндерін кәрістің әндеріне ұқсатып жатады, біз оны өзгертуге тырысамыз. Шынайы q-pop музыкасын жасауға тырысып жатырмыз. 
    Сонда шынайы q-pop әуені қандай екен? 
    Moonlight тобы:  
- Таза қазақтың дыбысын, таза қазақтың әуенін өзімізден бір жаңалық енгізіп, осындай қазақтың нағыз q-pop деген музыкасын көрсеткіміз келеді. Біз альбомды жаза тұра, біз барлығын өзіміз істейміз деген шешім қабылдадық. Үлкен қадамға басып жатырмыз. Өйткені бұл бізге үлкен тәжірибе, үлкен сын. Өйткені біз sound продюсерлікпен өзіміз айналысамыз. Сол себепті біз қандаймыз, тура сол күйде біздің әніміз болады.
    Барлығын да өздері жасап, жанды дауыспен айтуды талап ететін бұл бестікке сәтілік тілейміз!  Айкезбелер, жігіттердің жаңа продюсері кім болады деп ойлайсыз?