Black Dial: грузиялық Bessarion әлде отандық Bibotta ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

     Өткен аптада Алматының сән сүйер қауымы грузиялық дизайнерлердің Luxury Market кешінде жиналды. Аталмыш іс-шараға қатысқан шоу-бизнес өкілдерінің қатарында Есболат Беделхан мен оның шәкірттері болды.

Black Dial тобы:

     - Бүгінгі көрсетілімге тоқталып кететін болсақ, бұл Luxury Market, сауда орталығы деп айтсақ та болады. Деңгейі жоғары, себебі өзінің дүниежүзілік сауда арнасы бар. Біз бұған дейін дизайнер, стилисттермен жұмыс істеп көргенміз. Әркімнің тәжірибесіне тоқталып кеткен болатынмыз, ал енді біз жоғарғы деңгейдегі сауда арнасы болғаннан кейін, жұмыс істеуге бел будық.

Сері жігіттер өздерін сәнқой қатарына жатқызады ма екен?

Black Dial тобы:

     - Енді өнерге кіргеннен кейін, біз сол нәрсеге тап болдық. Өнерге кіргеннен кейін, өнер адамды толығымен өзгертеді. Өзім сылқым болуға тырысасын, жақсы мағынада - мәжбүр боласын.

        Иә, толығымен өзгерген жігіттердің қазіргі таңда жеке стилисттері жоқ, алайда қазақстандық дизайнерлер арасындағы сүйікті стилісті - Ninety One тобымен жұмыс істейтін Bibotta көрінеді.

Black Dial тобы:

     - Негізі, талантты стилисттер бар. Мысалы, Bibotta бар. Bibotta-ның киім брендттері бар шығарып жатқан. Өзінің еңбегін дәлелдеп келе жатқан адам деп айтсақ болады.

     Бірақ іс-шараға жігіттер Грузияның аты мәшһүр дизайнерлерінің бірі - Bessarion-оның жеңіл жейделерін киіп келді. Қандай жейде кимесің, жігіттерге айтарымыз бір – сахнаға тезірек оралыңдар! 

*Жігіттердің өнер көрсетуін сайтымыздан тамашалаңыздар!