Топ туралы

 Ninety One немесе 91(«Тоқсан бір») - 2015 жылдың 1 қыркүйегінде JUZ Entertainment продюсерлік орталығымен құрылған қазақстандық бойз-бенд. Топтың құрамы 5 жігіттен тұрады: A.Z.(Азамат Зенкаев), ALEM (Батырхан Мәліков), ACE (Азамат Ашмақын), ZaQ (Дулат Мухаметқалиев) және BALA (Данияр Кулумшин). Жігіттер өз бастауын кәрістің поп-әуенінен алатын Q-pop бағытының негізін қалаушылар болып табылады. Музыкалық топтың продюсері — белгілі ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.

A.Z.

Шын есімі: Зенкаев Азамат Байболатұлы
Лақап аты: A.Z.
Топтағы орны: көсбасшы, рэпер
Туған күні: 28.09.1993
Зодиак белгісі: таразы
Бойы: 182 см
Салмағы: 65 кг
Туған жері: Атырау қаласы
Хобби: пейнтбол, жүзу, би.
Отбасы: әкесі, анасы, әпкесі мен інісі
Тілдер: қазақ, орыс.
Сүйіп тыңдайтын әншісі: Eminem, Oxxxymiron

Кейбір деректер:

  • 2004 жылдан бастан рэппен әуестеніп, түрлі фристайл жекпе-жектерге қатысты.
  • 2006 жылдан бастан андеграунд-рэппен кәсіби деңгейде айналыса бастады
  • «K-TOP IDOLS» жобасының жеңімпазы
  • Дыбыс режиссері, ән авторы

ZaQ

Шын есімі: Мұхаметқалиев Дулат Болатұлы
Лақап аты: ZaQ
Топтағы орны: Рэпер, хореограф
Туған күні: 08.02.1996
Зодиак белгісі: суқұйғыш
Бойы: 175 см
Салмағы: 62 кг
Туған жері: Семей қаласы
Хобби: аниме көру, шетел тілдері мен мифологиясын зерттеп оқу
Отбасы: 17 жыл бойы атасы мен әжесінің қолында өскен. Анасы, інісі мен қарындасы бар
Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын
Сүйіп тыңдайтын әншісі: Eminem, Oxxxymiron
 
Кейбір деректер:

  • 2 сыныптан бастап хип-хоп мәдениетінің жанкүйеріне айналып, сол кезден бастап рэп оқи бастады;
  • Алматыға қоныс аударғаннан соң  Raphana Rec.атты андеграунд тобына қосылды;
  • Мектеп кезінде акробатикамен айналысты;
  • Орыс тілінен халықаралық олимпиада жеңімпазы;
  • Интернеттегі қазақ тілінде болған интернет жекпе-жектердің қатысушысы;
  • Сүйікті кітабы — «Множественные умы Билли Миллигана».
  •  

Alem

Шын есімі: Маликов Батырхан Абайұлы
Лақап аты: Alem
Топтағы орны: Вокалист
Туған күні: 18.02.1993
Зодиак белгісі: суқұйғыш
Бойы: 174 см
Салмағы: 68 кг
Туған жері: Үшқұдық, Өзбекстан
Хобби: футбол, кино, аниме
Отбасы: ата-анасы, ағасы мен қарындасы
Тілдер: қазақ, орыс
Сүйіп тыңдайтын әншісі: Chris Brown, Usher, Robbie Williams, Michael Bubble, Frank Sinatra

Деректер:

  • «Қазақстан дауысы» жобасының финалисті.
  • «X-фактор» жобасының жартылай финалисті
  •  Барселона (Испания), Берлин (Германия), Ресейде өткен халықаралық жарыстардың лауреаты
  • Сүйікті аниме - «Death Note».

ACE

 

Шын есімі: Ашмақын Азамат Қайратұлы
Лақап аты: ACE
Топтағы орны: Вокалист, жетекші биші
Туған күні: 29.08.1993
Зодиак белгісі: Бикеш
Бойы: 177 см
Салмағы: 59 кг
Туған жері: Алматы қаласы
Хобби: би, ашық ауада демалыс, үстел теннисі, экстремалды спорт
Отбасы: ата-анасы, ағасы
Тілдер: қазақ, орыс, кәріс
Сүйіп тыңдайтын әншісі: Brian McKnight, BoysIImen, Craig David, Eric Benet

 

Кейбір деректер:

  • 2012-2015 жылдар арасында SM Entertainment (Оңтүстік Корея) компаниясында тағылымдамадан өткен болатын
  • Ерте жастан ән айтуды ұнатып, кейін вокал сабақтарына қатыса бастады.
  • Мистикалық және эзотериялық кітаптарды оқуды жақсы көреді

BALA

Шын есімі: Кулумшин Данияр Ақылбайұлы
Лақап аты: BALA
Топтағы орны: Бас вокалист
Туған күні: 19.02.1998
Зодиак белгісі: Балықтар
Бойы: 175 см
Салмағы: 58 кг
Туған жері: Ақтөбе қаласы
Хобби: сурет салу
Отбасы: ата-анасы, інісі мен қарындасы 
Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын
Сүйіп тыңдайтын әншісі: John Legend, Sam Smith, Chris Brown, Bruno Mars, James Arthur

 Кейбір деректер:

  • Бала кезінен бастап музыкамен айналыса бастады
  • «Brotherhood» инструменталды тобының бұрынғы мүшесі