Сеул қаласындағы фан-митинг

Сообщить о проблеме с эфиром

         Ninety One тобы мен НТК телеарнасы сіздер үшін кезекті тосынсый дайындауда! Бойзбенд Оңтүстік Корея астанасы – Сеул қаласында жанкүйерлерімен кездесуін өткізді. Мұның бәрі тектен-текке емес, себебі жақын арада Ninety One тобының қатысуымен НТК телеарнасында реалити-шоу жарық көреді!

         Кездесу барысында жанкүйерлер сүйікті әншілеріне сұрақтарын қойып, альбом ұтысына қатысып, жақсы көретін əндеріңізді тыңдауға мүмкіндік алды! Ал сіз бұл кездесуде болдыңыз ба? Егер де сәтіңіз түспесе, қапа болмаңыз! Себебі бұл кездесу және тағы басқасы - көп ұзамай НТК арнасының жаңа жобасында! Жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар!