Әнші туралы

Ziruza

       Зируза Тасмағанбетова (Ziruza) – сахнаға тұңғыш шығуы 2017 жылдың мамыр айында болған q-pop жанрындағы жас орындаушы. Жаңа музыкалық бағыттың өкілі Қостанай қаласының тумасы болып табылады. 1997 жылдың 10 қаңтар күні дүние есігін ашты. Дебюты жақында ғана болса да, өзінің «Loyals» атты жанкүйерлер армиясы бар. Зируза Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ішекті аспаптар кафедрасында тәлім алған, алайда уақыт өте келе оңтүстік астанаға қоныс аударып, қазіргі таңда қобыз классы бойынша П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледж студенті.

Аты-жөні: Тасмағанбетова Зируза Сапарғалиқызы
Бойы/салмағы: 159 см/46 кг
Хоббиі: сурет салу, би
Тілдер: қазақ, орыс
Сүйіп тыңдайтын әншісі: Ариана Гранде

   Өзінің жеке дебютінен бұрын Juz Entertainment компаниясында тағылымдамадан өтіп, жаңа герлз-бэнд құрамына кіреді деп жоспарланған болатын. Алайда продюсер өзінің шешімін соңғы кезде өзгертіп, Зируза продюсерлік орталықтан кетуге мәжбүр болды.

     «K-Top Idols» жобасы кезінде әнші белгілі продюсер Ерлан Алимовтың көзіне түсіп, жоба аяқталғаннан соң ол оны өзінің продюсерлік орталығына шақырды. Осы жылдың наурыз айында Алимов мырза жас талантты көпшілік жұртқа таныстырды, ал мамыр айында «Айт енді» атты әніне музыкалық бейнебаянның тұсауы кесілді. Зирузаның продюсерлік ортылықпен келісім-шарт мерзімі 2024 жылы аяқталатынын атап өту жөн болар.

     Музыкалық шығармашылықтан бөлек, әнші кино мен сериалдарға, қазақстандық эстрада жұлдыздарының бейнебаяндарына да түсуде. Олардың қатарында «Көке», «Ана жүрегі» телехикиялары, «Қырғын Текше» мен «Әли» фильмдері. Мүмкін, жаңа амплуа өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін шығар.  Оны әлі көре жатармыз.