Хип-хоп? Әлде рэп-рок? Балаңыз қандай ән тыңдап жүр?!

Сообщить о проблеме с эфиром
Ғаламтор арқылы біздің балалар Beyonce, Miley Cyrus, J.Lo сынды әлем жұлдыздарының әніне құмартып, сәніне қызығуда. Бесіктен белі шықпаған бүлдіршіннің де, шетелдіктердің репертуарынан хабары бар. Бұл балаларға арналған қазақ әндерінің тапшылығынан туындап отырған мәселе де болуы мүмкін. Олай болса, кішкентай тыңдармандарға арнап ән жазатын сазгерлер қайда?