Шоу-бизнес сылқымдары мүсін сымбатына көңіл бөле бастады

Сообщить о проблеме с эфиром
Көктем келсе, шоу-бизнес сылқымдары мүсін сымбатына көңіл бөліп, қыс бойы жинаған артық салмақтан арылу үшін барын салады. Тіпті, бүгіннен бастап, күш-жігерімізді қолға алып, жаттығу залынан шықпаймыз деп уәде етті. Тюркисс тобының арулары бүгінде уақытының басым көпшілігін жаттығу залында өткізуді жөн деп шешкен. «Turkiss» тобы: - Бізде демалыс болды кішігірім, мерекелер болды. Сол кезде ғана бізде үзіліс болған шығар, жаңағы диетамыз, спорт залы, би... Енді қайтадан өзіміз ес жиып жатырмыз. Бүгінде белсенді түрде спортпен шұғылданып, мінсіз мүсінді қалыптастыруды көздеген сылқымдар қатаң диета ұстануда. «Turkiss» тобы: - Уақытымен тамақтануға тырысамыз. Белоктарды көп жейміз. Әрқайсымыздың, өзіміздің жеке диетамыз бар. Ал, Айгүл Иманбаева «шығармашылықтың жетегінде жүріп, фитнес залға бас сұқпағалы қашан», - дейді. Арнайы абонемент алғанымен, емін-еркін жаттығу жасауға уақыт тапшы. Айгүл Иманбаева, әнші, актриса: - Фитнес залына карточка алып қойғаныма екі ай болды, көктем басталады ғой барайын деп. Қолым тимей жатыр әзірге. Бірақ ол заңдылық! Өйткені, қыздар әдемілікті қалайды, сұлулықты қалайды. Сырдың, сипаттың сұлулығы... Сондықтан бәрібір фигураға қарайсың ғой. Жаттығу залына жиі бас сұғатын Аша Матай, спортқа шектеу қоюма тура келді,- дейді. Жас ана бар уақытын қызы Асылымға арнамақ. Аша Матай, әнші, актриса: - Мен енді босанғалы, кесарево сечениемен босанған едім. Сондықтан, жарты жылға таяу уақыттың ішінде, фитнеспен айналысуға болмайды. Ауыр заттарды көтеруге болмайды. Жалпы, тиым салынатын заттар өте көп. Соның бірі фитнес залдары, өкінішке орай...