«Тұран» тобы неліктен концертін мұражайда өткізді?

Сообщить о проблеме с эфиром
Қазақ музыкасын дәріптеуді қолға алған «Тұран» этно-фолк ансамблі 8 наурызға орай мұражайда концерт өткізді. Ұлттық экспонаттардың ортасына жайғасқан топтың өнерін тамашалауға жиналғандардың тең жартысы туристтер көрінеді. Ал, шетелден енді оралған Тұран тобы, көктем мерекесінде көпшілікті қуантпаққа бел буған. Ұлттық өнерді ұлықтауды алдыңғы орынға қойған Тұран тобы, 8 наурызға арналған бүгінгі кешті ерекше етіп өткізуді қолға алған. Ерекшелігі сол, концерт залында емес, топ жігіттері, мұражайда өткеруді жөн көрген. Тұран тобы: - Біз құрылғалы қазақтың ұлттық аспаптарын дәріптеп, қазіргі жастардағы бір ұлтжандылық сезімді ояту мақсатында осы аспаптарды дәріптеу концерттерін беріп жүрміз. Яғни бұл аспаптар жайында, аңыз әңгімелер жайында әңгіме қозғаймыз. Негізі лекция концерт. Сұрақ жауап ретінде өтеді. Сұрақ-жауапқа жиналған жұрттың көбі дерлік шетелдік қонақтар көрінеді. Мұражайдағы әр қилы экспонаттарды тамашалап, көзайым болғанымен қоймай, қазақ халқының ұлттық музыкасымен сусындаған жұрттың айтары тек бір. Ескі дәуірдің ерекше музыкасын, жаңа заман талабына сай берудің өзі шеберлік дейді. Тұран тобы: - Әр дәстүр заманға сай жаңғырып отыру керек. 03:15 Көнеде жатқан құндылықтарымызды заманға сай, заман ағымына сай насихаттап отыру, ол жаңағы қалыпты нәрсе деп ойлаймыз. Сондықтан өзіміздің шығармашылығымыз, біздің өңдеуіміз кішкене заманауи тұрғыда яғни халыққа кішкене жеңіл, түсінікті. Тұран музыка:  Этно фолк жанрының жанкүйеріне барынша түсінікті болуы үшін, топ жігіттері аянбай еңбек етуде. Басты мақсаттары қазақ аспаптарын дәріптеу. Алыс жақын Еуропаны аралап, ұлт музыкасын шетелдіктерге таныстырған Тұран ансамбльінің, алайда қазіргі талғамсыз музыкантарға көңілі толмайды.  Тұран тобы: - Егерде басқалар жақсы бір нақышын бұзбай, сөздерін бұзбай пайдаланатын болса онда құба құп. Өйтпейсін болса жасамай-ақ қоюы керек.