Дизайнер Жадо наурыз көже әзірлеуден шеберлік сабағын өткізді

Сообщить о проблеме с эфиром
Ұлыстың ұлы күні жақындаған сайын, әр отбасы «Наурыз көже» дайындауды міндетім деп санайды. Жадо ханым да жылдағы дәстүрден жаңылмай, көже әзірлеуге кірісті. Аша Матай, әнші: - Наурыз көжені шынымды айтсам, өзім жасап көрмеппін. Дегенмен, екеуміздің анамыз жасайды. Екеуі де өте дәмді жасайды. Мен тек қана қастарында тұрамын. Айгүл Иманбаева, әнші, актриса: - Шын айтайын, өзім жасап көрген жоқпын. Бірақ сол анамыздың көзінің тірісінде соны үйреніп, алып қалу керек қой. Айдана Меденова, әнші: - Ғаламтордан да қарай салуға болады. Мен енді білмеген затымды әпкелерімнен сұраймын. Олай болса, мархабат! Наурыз көжені әлі күнге дейін әзірлеп көрмеген әріптестеріне, Жадо ханым шеберлік сабағын өткізуге дайын. Жадо, сәнгер: - Наурыз мерекесі келіп жетті. Наурыз көжесін бастайық. Енді біз білеміз, бізде наурыз көжеде ең кемі 7-еу болуы керек тағамның. Соның бірі ет сүрленген, айран, тұз, қамыр, бидай, жүгері... Ұлыстың ұлы күнін сәнгер сарғая күтетінін айтады. Өйткені, бұл мерекеде наурыз көже әзірлеп, ет-жақындарына дәм ұсынуды дәстүрге айналдырған. Бүгін ақ дастархан басына 7 түрлі тағамды тоғыстырып, сүйікті асын әзірлеуге кірісіп кетті. Сонымен, наурыз көжеге қажетті тағамдарды салып, бір жарым сағат көлемінде қайнатып алуы тиіс. Ал ас дайын болғанша, Жадо наурыз көже жайлы бар білгенін ортаға салды. Жадо, сәнгер: - Қыстан аман-есен шыққаннан кейін, бар жинағанымызды, қалғанымызды алып, наурыз мерекесінде бәріміз басымызды қосып, керемет көже жасап, ауызбіршілігімізді, қыстан аман-есен шыққанымызды көрісу бар дегендей, сол жаңағы наурыз көжемізді жасап, бірге қарсы алу. Сонымен, ұлыстың ұлы күніне орай жасалған наурыз көжеміз әзір. Жадо, сәнгер: - Ал, дәмін көрейік... ммм керемет! Ас болсын!!!