Димаш Құдайбергеновтың қолтаңбасын саудаға салған кім?

Сообщить о проблеме с эфиром
Тапқыр саудагер Димаштың бір фотосын 19 долларға, ал «I am a singer» байқауында бақ сынаған 9 қатысушының қолтаңбасын 89 АҚШ ақшасына бағалап отыр. Тіпті, интернет арқылы бизнесін бастаған бейтаныс жан, қажетті соманы төлесеңіз болғаны, қалаған жерге жеткізіп беруге дайын екенін жазады. Осы орайда, біз қазақстандықтардың талғамын таразыға салып көрдік. Кумирінің қолтаңбасы қойылған суретке фанаттар қанша қаржысын қиюға әзір? - Димаштың фотасын 2000 теңгеге сатып ала аламын. - Мүмкіндігінше, Нұржан Керменбаевтікі сатылымға шыққан жағдайда, егер 1000 мен 500-дің аралығында алатын едім. - Кешьюдің фотосын 500 бен 2000-ның аралығында алушы едім. Автограф жазылған фотосын. Сауалнама барысында, сүйікті әншісінің өнерін жоғары бағалағанымен, қолтаңбасына қызықпайтындар да кездесті. - Жақсы көріп тыңдайтыным Жанар Дұғалова. Бесплатно берсе, еще ойланушы едім. Алам ба, алмаймын ба деп... - Лара Фабианды тыңдаймын. Бірақ, маған фотосы қажет емес. Жұлдыздардың қолтаңбасы арқылы табысқа кенелу, әлемдік тәжірбиеде де бар. Мәселен, Битлздың іргетасын қалаушы Джон Леннонның қолтаңбасы 2010-шы жылы 850 долларға сатылып, ең қымбат автограф ретінде тарихқа енген. Әйгілі физик Альберт Эйнштейнның күлімдеп түскен суреті мен қолтаңбасын, 2009-шы жылы аукционға қойғандар 74 долларға алмастырыпты. Ал, Бритни Спирстің суретіне қойылған қолы американың 89 құнды қағазын құрайды екен.