Пэрис Хилтонның визажисті қазақ қыздарының "қуыршақ" бейнесін сынға алды

Сообщить о проблеме с эфиром
Сардар Камбаровты көпшілік әлемдік деңгейдегі шебер ретінде таниды! Голливудтық һәм Ресейлік жұлдыздардың визажисті болған мезетте атағы шарықтағанды. Дегенмен, дәл сол Пэрис Хилтон, Патрисия Каас және Кристина Агилералармен қоян қолтық іс атқарған сәттердің қиын болғанын жасырмайды. Сердар Камбаров, визажист: – Жұлдыздардың мінезіне төзу оңай шаруа емес! Себебі, басым бөлігі қыңыр, тәкаппар! Макияж бен шаш үлгісін жарты сағатта аяқтап шығу қажет! Оның үстіне, сапалы әрі әдемі жұмыс жасалуын талап етеді. Сондықтан, ол сұлулыққа құштар жандарға шеберлігін меңгертемін деп шешкен. Күнделікті күйбең тірлікті опа-далап бұрымдылардың табиғи сұлулығын айшықтай түсетін құрал ғана деп түйіндейді ойын. Сердар Камбаров, визажист: – Қазақ қыздарының бет пішімі жалпақтау, бидай өңді және қысық көзді келеді екен. Мұндай әлпетті аруларға макияждағы барлық техника жарасымды. Дегенмен, қуыршақ бейнеден арылатын кез жеткен сияқты. Нюд стиліндегі мэйк-ап олардың табиғи сұлулығын одан әрі айшықтайды. Дегенмен, бұл техника қарапайым макияждан әлдеқайда қиын. Париж, Лондон, Милан мен Нью-Йорк подиумдарының басты бьюти тренді де - табиғилық! Бірақ, жасанды кірпік, боялған қас пен баттасқан опа-далапқа бой үйреткен біздің сылқымдар бұл жаңашылдықты қалай қабылдар екен? Сердар Камбаров, визажист: – Сәннің жетегімен түрлі тәжірбие жасау тым жас сәнбикелер мен асқан сұлу бойжеткендерге ғана жарасымды. Сондықтан, қыз-келіншектер ең бірінші бет терісінің саулығы мен шаш күтіміне мән беруі қажет. Бьюти өндірістегі маст-хэвке еріп, қажетті-қажетсіз косметикалық құралдардың бәрін жинауға жанталасып, қалтаны жұқарту әбестік! Әр сылқым бет-пішіні мен терісінің ерекшелігін назар алып, бірнеше опа-далапты ғана еншілуі тиіс, - дейді Сардар.